Берген қол алған қолдан қайырлы

Дулат Тұрсынұлы Тастекей – нарықта он үш жылдан бері TASCREDIT брендімен танылған «TAS FINANCE GROUP» ЖШС микроқаржы ұйымының негізін қалаушы, бас директоры

TAS Group қаржылық холдингтің басшысы Дулат Тастекеев

Бүгінде ол Жетісу ауданынан Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына сайланған азамат. Бастапқыда бір ғана ломбардтан ісін бастаған ол, осы күні Қазақстан, Ресей мен Өзбекстанда несиелеу қызметін ұсынатын сенімді компаниялар тобын құрды. Бұл сұхбатта меценат өзінің атқарып жатқан игі істері, кәсіпкерлерді қолдау бойынша қолға алған ірі жобалары туралы ойын бөлісті.

— Дулат мырза, кәсіпкерлік жолын қалай бастап едіңіз? TAS Group-ты құрмас бұрын немен айналыстыңыз?

— Кішкентай кезімнен математикаға жақын едім. Үздік оқыдым, мектеп кезінен-ақ қаржы не экономика саласына барғым келді. Он бірінші сыныпта оқып жүргенімде ЖОО-на грант ұтып алдым. Сөйтіп, арманым іске аса бастады. Университетте оқып жүргенімде бір журналдың мұқабасынан БТА банктің бұрынғы басшысы марқұм Ержан Тәтішевтің суретін көріп қалдым. Сөйтіп, ол кісінің өміріне, атқарған істеріне қызығушылық таныта бастадым. Мақсат қойып, кейін өзім де сол қаржы ұйымына жұмысқа орналастым. Алайда, ондағы қызмет ұнамағандықтан, «өзім де банк құрсам» деген оймен ол жұмыстан шықтым. Кейін қосымша білім алдым, біліктілігімді шыңдадым. Осылайша, 2010 жылдың басында TASCREDIT-ті құрдым. Бүгінде қаржы ұйымының ауқымы кеңейіп, компаниялар тобы болып қалыптасты. ТAS Group-тың құрамында әр түрлі бағыттағы 8 компания бар. Атап айтсақ, біздің филиалдарымыз Қазақстанның барлық өңірінде ашылған. Сонымен қатар, Өзбекстандағы өкілдігіміз Ташкент қаласында жұмыс істейді. Бұған қоса, Ресейдің Мәскеу қаласындағы бөлімшеде де клиенттерімізге қызмет көрсетіледі. Алдағы жылдары өзге де алыс, жақын шет мемлекеттерде бөлімшелерімізді ашу жоспары бар.

— Бүгін TAS Group компаниялар тобының филиалдары Қазақстанның бүкіл қаласында бар. Мұндай даму мен дәрежеге қалай қол жеткіздіңіз?

— 2015 жылға дейін тек Алматы қаласында жұмыс істедік. Дегенмен, онымен тоқтап қалу дұрыс емес деген ойға келдім. Қосымша білім қажет екенін түсіндім. Сөйтіп, Мәскеудегі «Сколково» бизнес мектебінде білім алдым. Ол кезде бизнесті маштабтандыру деген түсінікті білмеппін. Оқудың арқасында кәсіпкерлікті кеңейту туралы шешім қабылданды. Осы істі қарқынды түрде 2015 жылы дамытып бастап, 2019 жылға дейінгі аралықта ел бойынша TASCREDIT бөлімшелерін аштық. Айта кету керек, кәсіпті оңтайлы жүргізу үшін, оның үздіксіз дамуы үшін өз біліміңді арттырып отыру маңызды. Сол себепті бүгінде мен Гарвард бизнес мектебінде қосымша білім алып жатырмын. Сонымен қатар, аталмыш оқу орнында біздің қызметкерлер де онлайн білім алуға мүмкіндігі бар.

Бұдан өзге қызметкерлеріміз ағылшын, қазақ тілдерін тегін меңгере алады. Мемлекеттік тілдің компания қызметкерлері арасында қолданылуына өз басым аса қатты мән беремін.

— Дулат мырза, бұған дейінгі сұхбаттарыңызда компанияңыздың кәсіпкерлерге бизнесті дамыту гранттарымен қолдау көрсететінін айттыңыз. Сіз мұны қандай мақсатпен істеп жатырсыз? Жалпы, аталмыш жоба туралы түсіндіріп өтсеңіз.

— Жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «ASSYLTAS» қоғамдық қоры екі жылдан бері кәсіп ашамын, бизнесті дөңгелетемін деген 18–35 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтарына қайтарымсыз грант бөліп келді. Екі жыл ішінде 50 миллионға жуық қаржы бөліп, осы мақсатта жұмсадық. Бұл гранттар жеңімпаз атанған азаматтардың кәсібінің өркендеуіне оң ықпал етті. Өйткені біз берген қаржыға олар өздеріне керекті құрал-жабдықтарды сатып алып, кәсібін ары қарай дамыту жолында. Бәріне топырақ шашқым келмейді, бірақ «бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» демекші, былтырлары бизнес грантты тарату барысында көпшіліктің тегін дүние алуға әуес екенін байқадық. Ал тегін нәрсе масылдыққа апаратыны бар.

— Сол себепті биыл шарттарды өзгерткен екенсіздер. Осы жөнінде айтып өтсеңіз?

— Иә, еңбекпен табылған бір түйір тамақтың тәтті әрі сіңімді болатынын ұмытпаған жөн. Алған нәрсені беріп те үйренген дұрыс деген шешімге келдік. Сондықтан, енді қайтарымсыз грант емес, қайтарымды тегін қаржылай көмек беруді бастаймыз. Қайтарымды тегін қаржылай көмек деген не? Ең алдымен, соны түсіндірейін. Яғни, біз кәсіпкерліктің дамуына қаржы береміз, бірақ ол қаражат белгілі мерзімде қайтарылуы қажет. Бизнес help жобасы бойынша қаржылай көмекті бұдан былай нақты кәсібі бар, сол кәсіпке күш-жігері мен өз қаражатын салып, табысы мен шығынын есептей білетін, алған ақшасын пайдасына жарата білетін іс иелері алады. Бизнесті дамытудан гөрі, тегін ақшаға ие болып қалуды ойлайтындарға енді жол жоқ. Біз әдеттегідей қазақы кәсіпкерлерді қолдаймыз, ана тілге баса назар аударамыз. Қазақ тілін білмейтіндерге бұл жобада орын жоқ. Жас мөлшеріне өзгеріс енгіздік. Көмекті 21–35 жас аралығындағылар алады.

— Бағдарламаға қатысу шарттары қандай?

— Белгіленген құжаттар тізімі бар. Сонымен қатар, шығармашылық көзқарас та қажет. Кәсіп иесі өзінің бизнесін шынымен жақсы көретінін дәлелдеуі қажет. Қатысушының кәсіпкерлікпен айналысуда шын ниеті мен қалауына көз жеткізуіміз маңызды. Шарттарды толығырақ білу үшін біздің контакт-орталықтың 7788 нөміріне хабарласып анықтауға болады. Біздің мамандар сол жерде барлық сауалдарға жауап береді. Ал өтінімді www.assyltas.kz сайтында қалдыруға болады.

— Дулат мырза, тұшымды пікіріңізге, жалпы сұхбатыңызыға рахмет! Бастамаларыңыз талай бизнес иесінің болашағына серпін беріп, жолын ашады деген үміттеміз!

Tas Life

Жаңа сайт

“Абайды таны”

Жаңа рекорд

Оқушыларға сыйлық

Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз

    Біздің жаңалықтарға жазылыңыз

      Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
      Жароков көшесі, 124, 8 қабат
      Жұмыс күндері: 09:00-19:00
      Сенбі: 10:00-15:00
      Жексенбі демалыс

      «МҚҰ «TAS FINANCE GROUP»(ТАС ФИНАНС ГРУПП) ресми сайты, № 05.21.0006.М лицензиясы. ARRFR 2021 жылдың 26 ​​ақпанында шығарған.

      Барлық құқықтар қорғалған, 2023 ж