Автомобиль чемпиону

TAS Group қаржылық қызметтердің толық спектрін ұсынатын компаниялар тобы

Tas Group компаниялар тобы бірнеше компаниядан тұрады. Соның бірі “Asyltas qory”.

Асылтас қоғамдық қорының “Бір асыл іс“ жобасы аясында, трамплиннен секіруден қысқы Азия ойындарының чемпионы болған, Евгений Левкинге автокөлік кілтін табыстады.

Айта кетейік, бір ай бұрын бірінші топтағы мүгедек, бұрынғы спортшы Евгений Левкин әлеуметттік желіде отбасын құрғанын, бала тәрбиелеп отырғанын, алатын айлығының аздығын айтқан еді. Ол үндеуінде көлік сатып алып, такси жүргізушісі болғысы келетінін жеткізіп, халықтан көмек сұраған. Чемпионның өтінішіне ел тұрғындары бей-жай қарамай, қаржының жартысын жинап берді. Ал қалған жартысын меценат әрі депутат Дулат Тастекей өз есебінен беруге ниет білдірді. Осылайша, бүгін Евгенийдің арманы орындалып, оған автокөліктің кілті табысталды.

Салтанатты жиында Дулат Тастекей Евгенийдің қайсарлығына тәнті екенін жеткізді.

“Евгений, сіз бүгінгі күннің батырысыз, мүмкіндігі шектеулі жандардың да шексіз мүмкіндікке ие екенін дәлелдеп отырсыз”, - деп атап өтті.

Евгений мырза, Дудат мырза мен көліктің жарты құнын жинап берген халыққа алғысын білдірді.

Tas Life

Желаяқтар

Жалақыны индексациялау

Алты құрлық

Ұлттық банктегі кездесу

Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз

    Компанияның басқа жаңалықтары

    TAS Group қаржылық қызметтердің толық спектрін ұсынатын компаниялар тобы

    Ұялы телефоннан тегін

    Біздің жаңалықтарға жазылыңыз

      Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
      Әл-Фараби көшесі, 124/1
      Жұмыс күндері: 09:00-19:00
      Сенбі: 10:00-15:00
      Жексенбі демалыс

      «МҚҰ «TAS FINANCE GROUP»(ТАС ФИНАНС ГРУПП) ресми сайты, № 05.21.0006.М лицензиясы. ARRFR 2021 жылдың 26 ​​ақпанында шығарған.

      Барлық құқықтар сақталған, 2025 жыл