TAS Group компаниясында жаңа рекорд орнады. Қызметкерлердің ең жүйрігі анықталды.
Алматыда еліміздің жүгіруден ең ауқымды жарысы “Алматы марафон” өтті. Шараға 15 мыңнан астам адам қатысуға ниет білдірген. Олардың ішінде Аслан Сұлтанғазы да бар. Ол біздің PR-департаментінде фото және видеооператор болып қызмет етеді.
Марафонда Аслан 21 шақырымдық дистанцияда бақ сынап, мәреге 1 сағат 38 минут 30 секундта жетті. Компаниямызда бұл жаңа рекорд: Аслан осы қашықтықта жүгірген басқа қызметкерлерімізден озып шығып, бүгінгі күнде ең үздік нәтижеге қол жеткізіп отыр. Құттықтаймыз, Аслан!
Айта кетейік, биылғы “Алматы марафонға” тек қазақстандықтар ғана емес, дүниежүзінің 61 мемлекетінің азаматтары қатысты. Олар әлемнің 400-ден астам қалаларынан Алматыға арнайы келген.