TAS Group компаниясының жаңартылған маркетинг бөлімі

TAS Group компаниясының маркетинг бөлімі 2024 жылы айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, жаңа бағыттар мен мүмкіндіктерге бет бұрды. Бұл өзгерістер компанияның бизнес стратегиясын жаңа деңгейге көтеру, бәсекеге қабілеттілігін арттыру және нарықта танымалдылығын күшейту мақсатында жүзеге асырылды. Осыған орай, бөлімнің құрылымы мен жұмысы да түбегейлі өзгерді.
2024 жылдың басында маркетинг бөлімі құрылымдық және кадрлық өзгерістерге ұшырады. Бөлімге сәуір айында Жансая Иманбекова жетекші ретінде келді. Оның жетекшілігімен бөлімнің құрамына келесі мамандар қосылды:
- Александр Ким – маркетинг және жарнама жөніндегі менеджер;
- Аяжан Нұрланқызы – SMM-маманы;
- Айдана Базарбаева – дизайнер;
- Абылай Нұрақын – цифрлық жарнама және аналитика маманы.
Жаңа команда компанияның маркетингтік әдістерін түбегейлі өзгертіп, дәстүрлі тәсілдерден инновациялық цифрлық шешімдерге көшті.
«Маркетинг бөліміндегі жұмыстың негізгі мақсаты – клиенттер санын арттыру. Ол үшін біз өнімдерімізді дүрыс жарнамалау керекпіз. Осы бағытта жасаған алғашқы жұмысым – талдау болды. Біз компанияның маркетинг жағдайын зерттеп, анықтап алдық. Маусым айынан бастап жарнамаларымыз жаңа форматта, жаңа аналитикада жұмыс істей бастады. Нәтижесінде тұтынушыларымыз тарапынан қоңырау саны көбейді, әр қоңыраудың «бағасы» төмендеді. Ол өте маңызды – біз әр клиенттің «келу» бағасын барынша төмендетуіміз қажет. Сол үшін жарнама нақты белгілі бір аудиторияға бағытталған жөн. Біз осы жүмысты оңтайландырдық», - деді Жансая Иманбекова.
Нәтижесінде маркетинг бюджетінің 30% үнемделіп, басқа тиімді жарнама құралдарына жұмсала басталды. Бұл өзгерістер компанияға жылдам өзгеретін нарық жағдайларына икемделуге мүмкіндік берді.
Маркетинг бөлімінің жаңа командасы дәстүрлі жарнама құралдарымен шектелмеді. Бүгінде олар цифрлық маркетинг, контент стратегиясы, деректерді талдау және автоматтандырылған маркетинг жүйелеріне көбірек көңіл бөлуде. Соның нәтижесінде, жаңа клиенттерді тарту және бұрыннан бар клиенттермен қарым-қатынасты нығайту мақсатында сандық құралдар мен платформа арқылы жүзеге асырылатын кампаниялар саны көбейді.
«Цифрлық маркетинг бағытында біз жұмысымызды 360 градусқа бұрдық десек болады. Сондай-ақ билбордтағы жарнаманың да мазмұны түбегейлі өзгеріп, барынша оңтайландырылды. Бөлімшелеріміздің дизайыны да өзгеріске ұшырады. Жалпы нақты қадамдардан тұратын стратегия әзірленіп, оны жүзеге асыру жолындамыз. Бұл жұмыс келесі жылы да жалғасады», - деп толықтырды Жансая Иманбекова.
TAS Group маркетинг бөлімі тек өнімдер мен қызметтерді ұсынумен ғана шектелмей, клиенттермен ұзақ мерзімді қарым-қатынас құруға ерекше назар аударды. Бұл стратегияның негізгі элементтері:
- клиенттердің пікірлерін жинау және олардың қажеттіліктеріне бейімделу;
- әлеуметтік желілерде тұрақты байланыс орнату;
- тұтынушыларға ыңғайлы және жылдам қызмет көрсету.
Жансая Иманбекованың айтуынша: «Біздің басты міндетіміз – әр клиенттің компанияға келу жолын барынша жеңілдету. Маркетинг тек жарнама емес, ол клиентпен сенімді қарым-қатынас орнату. Біз әрбір тұтынушының пікіріне құлақ асамыз және олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жұмыс істейміз».
TAS Group-тың маркетинг бөліміндегі өзгерістер компанияның дамуына жаңа серпін беріп, нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруда. 2024 жылғы құрылымдық және стратегиялық жаңалықтар маркетингтің тиімділігін жоғары деңгейге көтеру мақсатында жүзеге асырылған маңызды қадамдар болып табылады. Бұл өзгерістер компанияға қазіргі заманғы бизнес талаптарына сәйкес жауап беруге және алдағы уақытта да табысты жұмыс істеуге мүмкіндік береді.