"Долларлық миллионер"

Для чего в группе компаний TAS Group приняли программу «Долларовый миллионер»?

Топ-менеджмент группы компаний TAS Group. Фото © пресс-служба TAS Group

Корпоративтік мәдениет, адалдық және қызметкерлерді ынталандыру туралы компанияның негізін қалаушы Дулат Тастекей айтып берді.

2023 жылдың соңында несиелік портфелі 49,5 млрд теңгені құраған TAS Group компаниялар тобы 2010 жылы бар-жоғы 1,7 млн теңгемен жұмыс істей бастаған. Бастапқыда компанияда 2 қызметкер ғана болса, бүгінде ұйымның штаты 544 адамды құрайды. Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісіне берген сұхбатында TAS Group басшысы Дулат Тастекей компанияның даму құпиялары туралы баяндады.

— Дулат Тұрсынұлы, компания дамуының мұндай көрсеткіштеріне қалай қол жеткізгеніңіз туралы айтып берсеңіз…

— Мен өзімнің жетістігім үшін, ең алдымен, үйлесімді жұмыс істейтін командаға, сондай-ақ, қызметкерлердің бір-бірімен белгілі бір түрде әрекеттесуіне және бизнес мәселелерін тиімді шешуіне қолайлы жағдай жасайтын бірегей және мықты корпоративтік мәдениетке қарыздармын. Мәселен, сізде мінсіз дәлелденген стратегия бар, бірақ, қол астыңызда компания құндылықтарына сәйкес келмейтін қызметкерлер жұмыс істесе, сіздегі клиенттердің саны тез арада азаяды. Тиісінше, ұйымның стратегиясы жүзеге аспайды.

Мықты корпоративтік мәдениет компанияны бәсекелестерден ерекшелендіреді. Себебі, технологиялар, қызметтер немесе өнімдерді көшіріп алуға болады. Ал, мәдениетті өзіңіз құруыңыз керек және онымен жұмыс істеу керек, оған үнемі уақыт пен күш жұмсау керек. Корпоративтік мәдениетті, әдетте, оның идеологы және тасымалдаушысы болып табылатын компанияның негізін қалаушы қалыптастырады. Егер топ-менеджмент пен басшылар осы мәдениетті насихаттап, ол әр қызметкерге жетсе, мұндай компания ұзақ өмір сүреді.

TAS Group басшысы Дулат Тастекей. Фото © TAS Group баспасөз-қызметі

Бұл жерде мен корпоративтік мәдениетті қалыптастырудағы жеке тәжірибеммен бөліскім келеді. Бизнестің бастапқы кезеңдерінде мен әр қызметкермен жеке кездестім, еліміздің түрлі қалаларында жаңа бөлімшелер ашылған кезде, ондағы ұжым мүшелерімен кездесулер өткіздім, бәріне өзім баратынмын. Стратегияны жүзеге асыру үшін мен оларды ынталандырдым, ұйымның миссиясының тұжырымдамасын түсіндірдім, негізгі құндылықтар оның дамуына қалай әсер ететінін айттым, сонымен қатар біздің корпоративтік мәдениеттің элементтеріне егжей-тегжейлі тоқталдым. Бір сөзбен айтқанда, шебердің мозаика бөліктерінен өнер туындысын құрастыратыны сияқты, мен компанияның «пазлын» біріктірдім және құрастыруды жалғастырып келемін. Неге жалғастырып келемін?! Өйткені, корпоративтік мәдениетті қалыптастыру үздіксіз процесс.

Екінші филиал ашылған кездегі оқиға есімде қалыпты. Қызметкерлермен кездесуде мен оларды егер әркім өзіне жүктелген міндеттерді адал атқарса, компанияның жақсы нәтижеге қол жеткізуіне көмектесетініне сендірдім. Келесі күні кассирлердің бірі маған телефон соғып: «Дулат Тұрсынұлы, енді өзімнің маңыздылығымды түсінгеннен кейін мен жауапкершілікпен жұмыс істеймін, өйткені мен компанияның жалпы нәтижесіне әсер ете алатынымды сеземін», - деді.

Қазір филиалдарымыздың географиясы Қазақстанның түкпір-түкпіріне таралып, ТМД елдерінде де филиалдарымыз бар болғандықтан, мұндай кездесулер негізінен онлайн форматта өтеді. Бірақ Алматыға жаңадан келген қызметкерлер үшін мен тұрақты түрде офлайн режимінде таныстыру тренингтерін өткіземін.

— Компанияңыздың корпоративтік мәдениетінің ерекшеліктерін айтып бере аласыз ба?

Біздің құндылықтарымыз:

  •        Команда → Бірлік;
  •        Кәсібилік → Даму;
  •        Адалдық → Сенім;
  •        Уақыт → Пунктуалдық;
  •        Беріктік → Қамқорлық.

Қызметкерлердің бойында компаниянікіне ұқсас құндылықтарды дамыту, сондай-ақ, оларды өзінікі ретінде қабылдау үшін біз мінез-құлық индикаторларын тұжырымдадық.

Бұдан бөлек, ортақ мақсатқа ұмтылатын пікірлестер ұжымы қаржылық жағынан да ынталандырылған болуы керек. Менің ұстанымым – табысты әділ бөлу арқылы қызметкерлердің әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік беру. Сондықтан, бізде ойластырылған мотивация жүйесі бар, оның аясында команда мүшелерінің кәсіпкерлік қарым-қатынасына қолдау көрсетіледі. Әрбір филиалдың өз бонустық базасы бар, ол қызметкерлер арасында дербес бөлінеді. Сондай-ақ, оларда несиелік портфель бойынша белгіленген жоспарды асыра орындауға ешқандай шектеу жоқ, яғни, мысалы, жоспарды 200%-ға орындаса, ұжым 200% сыйақы алады. Топ-менеджменттің мотивациясы да пайданың белгілі бір пайызын алуға негізделген.

2020 жылы компаниямыздың топ-менеджменті мен бірегей мамандары үшін бес жылға арналған ұзақ мерзімді ынталандыру бағдарламасы іске қосылды. Оны «Опциондық бағдарлама» немесе жай ғана «Долларлық миллионер» деп атадық. Оның мақсаты – TAS Group-тың дамуына үлкен үлес қосқан қызметкерлерді долларлық миллионер ету.

Ай сайын онлайн және офлайн режиміндегі кездесулерді өткізу арқылы біз бірлескен жетістіктерімізді, өткен айдың нәтижелерін ашық көрсетеміз, келесі айға міндеттер мен мақсаттарды бөлісеміз, сонымен қатар үздік қызметкерлерді анықтаймыз. Әрбір ұжым мүшесінің сұрақтар қоюға және ұсыныстар айтуға мүмкіндігі бар.

Командалық рухты сақтау және қызметкерлер арасында коммуникацияны дамыту үшін біз дәстүрлі корпоративтік іс-шараларды өткіземіз:

— ақпанда – компанияның туған күнін тойлау;
— мамырда – «КӨШБАСШЫЛАР ФОРУМЫ» және TAS Group Quryltay.

Компанияда 70-тен астам IT маманы бар. Біз оларды да ынтаналандырып, аяқталған жобалардың нәтижелері бойынша атап өтуге тырысамыз. Сондықтан, 2023 жылдан бастап бізде тағы бір дәстүр бар – TAS IT-Fest өткізу. Бір-бірінің жетістігін көру арқылы командалар өздерінің рекордтарын жаңартуға тырысады. Осыған байланысты компанияның пайдасы мен бөлімдердің ішкі мотивациясы артады.

Біздің «Беріктік → Қамқорлық» деген құндылығымыз қызметкерлерге компанияның назары мен қамқорлығын сезінуге мүмкіндік береді, олар арқылы мұны тұтынушылар да сезінеді.

Біз жұмыс істеген жылдар ішінде еңбек жағдайлары мен қызметкерлердің әлеуметтік пакетін жақсарттық. Өткен жылы йога, би, жүзу бассейні және марафонға қатысатын қызметкерлерге арналған жүгіру клубы сияқты «артықшылықтарды» қостық, мұнда шығынның 50% компания өз мойнына алады. Қолданыстағы «TAS Group-тың бақытты қызметкері» бағдарламасы барлық спорттық және білім беру артықшылықтарын біріктіреді, мысалы, тегін ағылшын тілі курстары, команда мүшелерінің денсаулығын сақтауға және интеллектуалды дамуға мүмкіндік береді.

TAS Group-қа кіретін және ұйымның таза табысынан қаржыландырылатын «Assyltas» қоры арқылы біз қазақтың ұлттық мәдениетін дамытуға, түрлі саладағы дарынды жастарды қолдауға және қайырымдылыққа бағытталған ESG жобаларына қаражат бөлеміз. Бұл да компанияның командалық рухын нығайтады және әрбір инвесторымыз бен облигационеріміз біздің табыс табуға ғана ұмтылып қоймай, елімізге көмектесіп жатқанымызды түсінеді.

Мемлекеттік тілге деген қамқорлық – біздің барлық қызметкерлер жұмылдырылған бөлек миссиямыз. 2020 жылдан бастап барлық іс жүргізу, жұмыс чаттары мен хат алмасу тек қазақ тілінде жүргізіледі.

Біздің тағы бір құндылығымыз – «Уақыт → Пунктуалдық». Оның негізгі көрсеткіші – клиенттерге 30 минуттық микрокредиттік қызмет көрсету. Бұл құндылық тек клиенттерге ғана емес, қызметкерлерге де қатысты. Біз барлық процестерді автоматтандырдық: әр бөлімнің жұмысты орындау мерзімі бар, барлығы дэшбордтарда көрсетілген. Біз қағазбастылықтан мүлдем бас тарттық.

Топ-менеджмент күнде таңертең жиналыс жасайды және оған біреу кешігіп қалса, ол Абай өлеңін жатқа айтуға міндеттеледі. Өйткені, біз әркімнің уақытын бағалаймыз. Біз тапсырмаларды орындау уақытын сақтаймыз және өзге адамдардың уақытын құрметтейміз.

Қызметкерлер сұранатын болса, басшылықтан емес, ұжымнан сұранады. Ұжым рұқсат берсе, олар келмеу уақыты мен себебін көрсетеді. Тіпті, мен де сөйтемін.

Егер адамды бірдеңе алаңдатса, ол нәтижеге жете алмайды, яғни оның назары жеке мәселелерінде болады деп ойлаймын. Әрбір қызметкер үшін «демалыс уақытының» максималды шегі бар, оны командалардың өздері қадағалайды. Осылайша, менің әріптестерім уақытты жоспарлауда мұқият болуды үйреніп қана қоймай, «адалдық-сенім» құндылығын дамытуда.

Жаңа қызметкерлермен идеологиялық кездесулер өткізгенде, не себепті клиенттерге, әріптестерге және өзімізге адал болу керек екенін түсіндіруге тырысамын.

Компания көптеген жылдар бойы «Шындық айнасы» акциясын жүргізіп келеді. Компаниядағы ең адал қызметкер болу үшін 13 параметрді ұстанып, жылдың барынша көп айында адал, шыншыл болу керек. Содан кейін жеңімпаз ұйым есебінен әлемнің кез-келген нүктесіне ұшу мүмкіндігін алады.

Біз қызметкерлеріміздің дамуына мүдделіміз және олардың кәсіби, әрі жеке өсуі үшін түрлі мүмкіндіктер береміз.

Компания ішінде оқыту, Lerna платформасында сырттай оқыту және тілдерді оқытудан бөлек, Гарвард бизнес мектебінде білім алу мүмкіндігі де бар.

Біз өз саламыздың кәсіби мамандарымыз. Бұл біздің қаржылық серіктестерге де қатысты. Инвесторларымыз бен облигационерлеріміз болмаса, біз тез өсе алмас едік. 14 жылда 30 мың есеге өсу - асқақ арман және бұл шегі емес.

Дереккөз: Kapital.kz

Tas Life

Жаңа сайт

“Абайды таны”

Жаңа рекорд

Оқушыларға сыйлық

Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз

    Біздің жаңалықтарға жазылыңыз

      Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
      Жароков көшесі, 124, 8 қабат
      Жұмыс күндері: 09:00-19:00
      Сенбі: 10:00-15:00
      Жексенбі демалыс

      «МҚҰ «TAS FINANCE GROUP»(ТАС ФИНАНС ГРУПП) ресми сайты, № 05.21.0006.М лицензиясы. ARRFR 2021 жылдың 26 ​​ақпанында шығарған.

      Барлық құқықтар қорғалған, 2023 ж