Database SQL әзірлеуші

Әңгімелесу нәтижелері бойынша

Ақпараттық технологиялар

Алматы қ.

Кеңседен / Гибридті

«TAS FINANCE GROUP» (ТАС ФИНАНС ГРУПП)» ҚР халқына нарықта 15 жылдан аса уақыт бойы қызмет көрсететін микроқаржылық ұйым.
 
Компанияның миссиясы: «Адамгершілік пен адалдыққа сүйене отырып халықтың қаржылық қиындықтарын шешу».
 
Компания Қазақстан бойынша МҚҰ үздік бестігіне кіреді. Біздің айрықша ерекшелігіміз – жылдамдық, клиенттерге 30 минут ішінде кәсіби және жоғары деңгейде қызмет көрсету. 
 
Қазіргі сәтте біз Алматы қаласындағы кәсіби командамызға қосылуға дайын болатын «Database SQL әзірлеуші» лауазымына үміткер іздестіріп жатырмыз.


— ДБ - ға SQL-сұрауларды жасау және қолдау бөлігінде 3 жылдық жұмыс тәжірибесі

— SQL және сұрауларды оңтайландыру тәсілдерін терең білу

—  MS SQL Server ДҚБЖ үшін SQL сұрауларын әзірлеу тәжірибесі

—  Сақталған процедураларды, триггерлерді, функцияларды жазудың практикалық тәжірибесі

— Сұрау анализаторын пайдалану дағдылары

— Реляциялық мәліметтер базасын құру принциптерін түсіну

 Бұл плюс болады:

— Деректер базасының әкімшісі ретіндегі жұмыс тәжірибесі

— MS SQL орналастыру және пайдалану туралы терең білім

— Деректерді талдау дағдылары (Data Science)

— Деректер базасында сұраныстарды жасау және оңтайландыру (сақталған процедуралар, триггерлер, функциялар, көріністер)

—  Деректер архитектурасын және дерекқор құрылымдарын әзірлеуге қатысу

—  Дерекқор объектілерін әзірлеу және жақсарту

—  Деректер базасын басқару

— Деректер базасының өнімділігін талдау

—  Деректерге сұраныстарды өңдеуді оңтайландыру және жеделдету

— Өршіл және қарқынды дамып келе жатқан компанияда жұмыс істеу;

— ҚР ЕК бойынша ресми жұмысқа орналастыру;

— Еңбекақыны уақтылы және 100% ашық төлеу;

— Компания есебінен қазақ және ағылшын тілдерін оқыту (кенседе)

— Компания есебінен ішкі және сыртқы оқыту

— Harvard University онлайн оқыту

— Жылдық ынталандыру сыйақысы;

— Компанияда ұзақ мерзімді мотивация жүйесі бар
"Опциондық бағдарлама" 5 жылға есептелген. Қойылған көрсеткіштерге қол жеткізген кезде осы бағдарламаға кіретін қызметкерлер бизнестен үлес не ақшалай сыйақы алады;

— 3 ауру күндері жұмыс күндері ретінде төленеді (жылына бір рет);

— Қуанышты және қайғылы оқиғаларға материалдық көмек;

— 31 желтоқсан – компаниядағы қыз-келіншектер үшін демалыс күні;

— Қызметкерлеріміздің балаларына 1 қыркүйекте, Жаңа жылда, Наурызда сыйлықтар беру;

— "Workout" фитнес клубына 50 % жеңілдік;

— Tas Group Сup үстел теннисі бойынша қызметкерлер арасындағы турнир;

— Компания есебінен футбол бойынша жаттығу;

— Корпоративтік іс-шаралар;

Жалақы сұхбаттасу кезінде айтылады

 

Бос жұмыс орындары бойынша HR бөліміне хабарласыңыз.

Немесе сайтта жұмысқа тапсырыс беріңіз

TAS Group группа компаний предоставляющая полный спектр финансовых услуг

Ұялы телефоннан тегін

Біздің жаңалықтарға жазылыңыз

    Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
    Жароков көшесі, 124, 8 қабат
    Жұмыс күндері: 09:00-19:00
    Сенбі: 10:00-15:00
    Жексенбі демалыс

    «МҚҰ «TAS FINANCE GROUP»(ТАС ФИНАНС ГРУПП) ресми сайты, № 05.21.0006.М лицензиясы. ARRFR 2021 жылдың 26 ​​ақпанында шығарған.

    Барлық құқықтар қорғалған, 2023 ж