Филиал менеджері

бастап 350,000 ₸

Қаржы

Жаңаөзен қ.

Кеңседен

«TAS FINANCE GROUP» (ТАС ФИНАНС ГРУПП)» ҚР халқына нарықта 15 жылдан аса уақыт бойы қызмет көрсететін микроқаржылық ұйым.

Компанияның миссиясы: «Инновациялық шешімдердің көмегімен мақсатқа жеткізетін қаржылық мүмкіндіктер ұсыну».

Компания Қазақстан бойынша МҚҰ үздік бестігіне кіреді. Біздің айрықша ерекшелігіміз – жылдамдық, клиенттерге 30 минут ішінде кәсіби және жоғары деңгейде қызмет көрсету.

Қазіргі уақытта біз кәсіби командамызға қосылуға дайын кандидатты іздеудеміз «Филиал менеджері» лауазымына, Жаңаөзен қаласында.

  • Кредиттер бойынша клиенттер базасын жүргізу;
  • Көлікті бағалау (VIN кодын түсіру және т.б.);
  • Клиент деректерін ашық ақпараттық жүйелер арқылы тексеру;
  • Клиенттердің ұсынған деректері бойынша ақпаратты іздеу және тексеру;
  • Несие құжаттарын, қарыз алушының төлем қабілеттілігін талдау және шағын несие беру туралы шешім қабылдау;
  • Кіріс қоңырауларды өңдеу;
  • Кепіл мүлкінің техникалық жай-күйін тексеру;
  • Кепілге қойылған мүлікке әділ баға беру;
  • Микрокредит беруге байланысты барлық рәсімдерді орындау.
  • Қазақ және орыс тілдерінде сауатты сөйлеу;
  • Автокредит беру тәжірибесі құпталады;
  • Арнайы орта/ жоғары білім;
  • Сатудың жоспарлы көрсеткіштерін орындау;
  • Тәжірибелі ДК пайдаланушысы;
  • MS Office бағдарламаларын меңгеру;
  • CRM Bitrix24 сияқты арнайы бағдарламалармен жұмыс істеу (құпталады);
  • Келіссөздер жүргізу және сендіру қабілеті;
  • Әртүрлі санаттағы адамдармен (мәртебесі, сипаты, жасы, өкілеттіктері) байланыс орнату мүмкіндігі.
  • Жеке автокөлігі болуы керек (міндетті);
  • Өсуге және даму мүмкіндіктеріне ие амбициялы, қарқынды дамып келе жатқан компанияда жұмыс істеу;
  • ҚР ЕК бойынша ресми жұмысқа орналастыру;
  • Уақытылы және 100% ашық еңбекақы төлеу жүйесі;
  • Жалақыны жыл сайын қаңтар айында индексациялау;
  • Жылдық сыйақы (желтоқсанда);
  • Қуанышты және қайғылы оқиғаларға материалдық көмек;
  • Жылына бір рет алғашқы 3 күндік ауру демалысы жұмыс күні ретінде төленеді, қалған күндер ҚР Еңбек кодексіне сәйкес төленеді;
  • Жұмыс кестесі 6/1 (дс-жм 9.00-19.00, сенбі 10.00-15.00, жекс. демалыс);
  • Жалақы 227 000 + бонустар (орта есеппен бонустармен бірге 350 000 теңге қолыңызға тиеді);
  • Компания есебінен қазақ және ағылшын тілдерін оқыту (кенседе);
  • Компания есебінен ішкі және сыртқы оқыту;
  • Harvard University онлайн оқыту;
  • Қызметкерлеріміздің балаларына 1 қыркүйекте, Жаңа жылда, Наурызда сыйлықтар беру;

Бос жұмыс орындары бойынша HR бөліміне хабарласыңыз.

Немесе сайтта жұмысқа тапсырыс беріңіз

Біздің жаңалықтарға жазылыңыз

    Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
    Жароков көшесі, 124, 8 қабат
    Жұмыс күндері: 09:00-19:00
    Сенбі: 10:00-15:00
    Жексенбі демалыс

    «МҚҰ «TAS FINANCE GROUP»(ТАС ФИНАНС ГРУПП) ресми сайты, № 05.21.0006.М лицензиясы. ARRFR 2021 жылдың 26 ​​ақпанында шығарған.

    Барлық құқықтар қорғалған, 2023 ж