Үздіксіз даму – TAS GROUP корпоративтік мәдениетінің бір бөлігі. Компанияның екі топ-менеджері MBA дәрежесін иеленді.
TAS GROUP компаниясының негізін қалаушысы Дулат Тастекей үздіксіз дамуға, жаңа білім мен тәжірибе алуға ерекше мән береді. Соңғы екі жылдың өзінде ол әлемнің озық университеттері – Harvard және Stanford бизнес мектептерінен диплом алды.
Білімге деген ұмтылыс пен кәсіби жетілуге бағытталған көзқарасы бүгінде TAS GROUP компаниясының корпоративтік мәдениетінің маңызды бөлігіне айналды. Бұл құндылық жоғары буын басшыларына да үлгі болып отыр.
Мысалы, коммерциялық директор Ғалым Анарбеков биыл Narxoz Business School бағдарламасын сәтті тәмамдады. 55 жасында ол білімін жетілдіру арқылы дамудың жасқа емес, өмірлік ұстанымға байланысты екенін дәлелдеді. Оның «МҚҰ-дағы жедел басқару жүйесін жетілдіру» тақырыбындағы дипломдық зерттеуі компанияның ішкі басқару үдерістерін жақсартуға үлес қосуда.
															Сонымен қатар, қаржы директоры Маржан Баққожа да MBA дәрежесін иеленіп, өз еңбегін «Микроқаржы ұйымының даму стратегиясы» тақырыбына арнады.
															Айта кетсек, бірнеше жыл бұрын Дулат Тастекейдің өзі де Narxoz Business School бағдарламасын тәмамдаған болатын. Қазір сол істі компанияның өзге де жоғары буын басшылары жалғастырып келеді.
Еске салсақ, 2024 жылы компанияның үш қызметкері – басқарушы серіктес Айжан Тастекей, HR-директор Сәуле Мәсәлім және бизнес-жаттықтырушы Гүлзада Бақтығалиева – Мәскеудегі Skolkovo Business School бағдарламасын сәтті аяқтады.
															Бұл жетістіктер TAS GROUP компаниясының бес негізгі құндылығының бірі – «Кәсібилік – Даму» ұстанымының нақты көрінісі. Компания қызметкерлердің кәсіби өсуін, жаңа білім алуын қолдап, біліктілікті арттыру мен өзін-өзі дамытуға арналған шығындарды өтейді.
											
															

															
