Наурызнама онкүндігі аясында TAS GROUP компаниясында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – Шаңырақ күні қарсаңында бас кеңседе өткен ұлттық ойындар сайысы.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – қызметкерлер арасында ұлттық мұраны насихаттау, дәстүрлі ойындарға деген қызығушылықты арттыру және ұжымдық бірлікті нығайту. Сайыс барысында асық ату, ләңгі тебу және тоғызқұмалақ сынды ұлттық ойын түрлері бойынша тартысты бәсекелер өтті.
Әсіресе, тоғызқұмалақ ойынына деген қызығушылық ерекше жоғары болды. Іс-шараға арнайы тоғызқұмалақ федерациясының мамандары шақырылып, олар қатысушыларға шеберлік сағатын өткізіп, ойынның қыр-сырын жан-жақты түсіндірді. Теориялық білім тәжірибемен ұштасып, кейін шағын турнир ұйымдастырылды. Қатысушылардың белсенділігі соншалық, жаттықтырушылар алып келген 10 ойын тақтасы да жетпей қалды. Бұл – қызметкерлердің ұлттық ойындарға деген ықыласы мен қызығушылығының айқын көрінісі.
Ұлттық ойындар – халқымыздың мәдени мұрасының ажырамас бөлігі. Олар тек ойын-сауық қана емес, сонымен қатар ептілікке, ойлау қабілетіне, шыдамдылық пен шапшаңдыққа баулитын маңызды құрал. Осындай іс-шаралар арқылы ұлттық құндылықтар жаңғырып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасады.
Компанияның Бас директоры Дулат Тастекей бұл бастаманың маңыздылығына тоқталып:
«Ұлттық ойындар – біздің тарихымыз бен болмысымыздың бір бөлігі. Оларды жаңғырту арқылы біз тек дәстүрді сақтап қана қоймай, ұжым ішіндегі ынтымақты нығайтамыз. Қызметкерлеріміздің белсенділігі – осы бағыттағы жұмыстың нәтижелі екенін көрсетеді», – деді.
Аталған іс-шара ұжым ішінде ерекше серпін беріп, әріптестер арасында достық қарым-қатынасты нығайта түсті. Ұлттық ойындарға деген қызығушылықтың артуы – рухани құндылықтарға деген құрметтің белгісі.
Алдағы уақытта да Наурызнама аясындағы осындай мазмұнды шаралар TAS GROUP компаниясында жалғасын тауып, ұлттық мұрамызды дәріптеуге өз үлесін қоса бермек.
2026 жылғы 10 наурыз. TAS GROUP компаниясы соңғы уақытта алаяқтық әрекеттердің жиілегенін хабарлайды. Алаяқтар компанияның атауын, фирмалық атауын пайдаланып немесе өздерін ұйым қызметкерлері ретінде таныстыратын жағдайлар көбейген. Осыған байланысты TAS GROUP азаматтарды мұндай хабарламаларға мұқият қарап, кез келген ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге шақырады.
Компанияның мәліметінше, алаяқтар азаматтармен телефон қоңыраулары, танымал мессенджерлер (WhatsApp, Telegram), әлеуметтік желілер немесе электрондық пошта арқылы байланысуы мүмкін. Көп жағдайда олар қысқа мерзімде жоғары табыс уәде етіп, жалған инвестициялық мүмкіндіктер туралы хабарламалар таратады. Мұндай кезде алаяқтар жалған сайттар, қолдан жасалған құжаттар және әлеуметтік желілердегі фейк аккаунттарды пайдаланып, заңды қаржылық қызметтің көрінісін жасауға тырысады.
Ең кең таралған тәсілдердің бірі — «әлеуметтік инженерия» деп аталатын схема. Бұл жағдайда алаяқтар өздерін қаржы ұйымдарының, банктердің немесе мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарды ақша қаражатын «қауіпсіз шоттарға» аударуға, SMS арқылы келген растау кодтарын айтуға немесе телефонға арнайы қосымшалар орнатуға көндіреді. Мұндай бағдарламалар алаяқтарға пайдаланушының телефонына және қаржылық деректеріне қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік беруі мүмкін.
Интернет арқылы таралатын жалған инвестициялық жобалар да ерекше қауіп төндіреді. Алаяқтар сайттар мен жарнамалар жасап, кепілдендірілген табыс, салынған қаражаттың жылдам өсуі немесе «жабық инвестициялық бағдарламаларға» қатысу мүмкіндігін ұсынады. Сенім тудыру үшін олар белгілі компаниялардың, банктердің немесе қаржы ұйымдарының атауларын заңсыз пайдалануы мүмкін.
TAS GROUP компаниясында барлық ресми ақпарат тек www.tasgroup.kz ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында @tasgroup.kz жарияланатыны атап өтілді. Осы ресурстарда кез келген ақпараттың шынайылығын тексеруге болатын байланыс деректері де көрсетілген.
«Біз интернеттегі жалған инвестициялық ұсыныстар аясында алаяқтардың компания атауын пайдалану әрекеттерін тұрақты түрде тіркеп отырмыз. Клиенттерімізді және қаржылық қызметті пайдаланатын барлық азаматтарды сақ болуға шақырамыз. TAS GROUP қызметкерлері ешқашан мессенджерлер арқылы немесе телефонмен құпия деректерді, SMS кодтарын немесе банк картасының мәліметтерін сұрамайды. Компания қызметіне қатысты кез келген ақпарат тек ресми байланыс арналары арқылы тексерілуі тиіс», — деп атап өтті TAS GROUP.
Компания күмәнді жағдай туындаған кезде TAS GROUP атынан жасалған кез келген әрекетке қатысты байланысуды дереу тоқтатып, түсіндіру алу үшін 7788 қысқа нөмірі арқылы колл-орталыққа хабарласуға кеңес береді.
Егер сіз алаяқтық құрбаны болсаңыз немесе заңсыз әрекеттерге күмәндансаңыз, барлық қаржылық операцияларды тоқтатып, хат алмасуды және басқа дәлелдерді сақтап, құқық қорғау органдарына 102 нөмірі арқылы жүгіну қажет.
TAS GROUP азаматтарды қаржылық қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтауға шақырады: бейтаныс адамдарға ақша аудармау, растау кодтарын бермеу және үшінші тұлғалардың өтінішімен белгісіз қосымшаларды орнатпау. Ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеру — алаяқтықтан қорғанудың ең тиімді тәсілдерінің бірі.







16 жыл — компания тарихы үшін аса ұзақ мерзім емес сияқты көрінуі мүмкін. Алайда дәл осы уақыт аралығында шағын бастаманың ауқымды құрылымға айналып, тұтас бір нарықтағы өз орнын айқындауы — жүйелі жұмыстың, стратегиялық ойлаудың және мықты команданың нәтижесі.
Биыл TAS GROUP 16 жылдық мерейтойын ұлттық нақыштағы ерекше форматта атап өтті. Таңдалған стиль кездейсоқ емес. Дәстүр мен заманауилықтың үйлесімі — компанияның ішкі мәдениетін, даму философиясын және болашаққа деген көзқарасын айқын көрсетеді. Ұлттық өрнек пен заманауи корпоративтік рух астасқан кеш — өткен жолға тағзым ғана емес, алдағы мақсаттарға берілген серт іспетті болды.
Қалыптасу кезеңі: үш адамнан — 600 маманға дейін
TAS GROUP тарихы бір бөлімше мен үш қызметкерден басталды. Бұл — идеяға сенген, тәуекелге барған және нарықта өз орнын табуға ұмтылған шағын команданың батыл қадамы еді. Бүгінде компания 600-ге жуық кәсіби маманды біріктірген ірі құрылымға айналды.
Осы жылдар ішінде қаржы нарығындағы тұрақсыз кезеңдер де, экономикалық сынақтар да болды. Бірақ әрбір қиындық жаңа тәжірибе беріп, әр кезең компанияны күшейте түсті. Төзім, жүйелілік және ортақ мақсатқа адалдық — өсу формуласының негізгі құрамдас бөліктеріне айналды.
Нарықтағы бедел және сенім капиталы
16 жыл ішінде TAS GROUP еліміздің қаржы секторында өзіндік орны бар, беделі қалыптасқан компания ретінде танылды. Бұл тек көрсеткіштер мен жобалардың көлемімен өлшенбейді. Ең бастысы — сенім.
Серіктестермен ұзақ мерзімді әріптестік, клиенттердің тұрақты таңдауы және команда ішіндегі өзара құрмет — компанияның басты капиталы. Әрбір жетістік нақты адамдардың еңбегімен, кәсіби шеберлігімен және жауапкершілігімен байланысты.
Корпоративтік мәдениет: құндылықтар мен бірлік
Мерейтойлық кеш тек мереке ғана емес, компания мәдениетінің айнасы болды. Ұлттық стильдегі киім үлгілері, дәстүрлі элементтер мен заманауи атмосфера — TAS GROUP-тың тамыры тереңде екенін және сонымен қатар уақытпен бірге дамып келе жатқанын көрсетті.
Компания үшін команда — жай ғана қызметкерлер жиынтығы емес. Бұл — ортақ идеяға сенетін, бір бағытта қозғалғанда үлкен нәтижеге жететін кәсіби қауымдастық. Бірлік, өзара қолдау және даму — корпоративтік мәдениеттің негізгі тіректері.
Алға қойған мақсаттар
16 жыл — қорытынды жасайтын меже емес, жаңа кезеңнің бастауы. Нарық өзгеруде, талаптар күшеюде, технология дамуда. Осы өзгерістер жағдайында тұрақтылықты сақтай отырып, өсу қарқынын жалғастыру — TAS GROUP-тың стратегиялық бағыты.
Компания алдағы уақытта да ауқымды жобаларды іске асырып, кәсіби команданы нығайтып, нарықтағы позициясын күшейтуді көздейді. Өткен жол — тәжірибе, бүгінгі күн — мүмкіндік, ал болашақ — жаңа биіктер.
TAS GROUP үшін он алты жыл — сеніммен бекіген тарих және бірге жазылатын жаңа тараулардың бастауы.
TAS GROUP компаниясының қызметкерлері Алматы қаласында өткен Winter Run қысқы жүгіру жарысына қатысып, кезекті спорттық белесті бағындырды.
Команда сапында Дидар Исхаков, Алпамыс Сахыпов және Шыназ Әліш болды. Олар бұған дейін де бірнеше ірі марафон мен жартылай марафондарға қатысып, компанияның спорттық дәстүрін қалыптастырып келеді.
Биылғы жүгіру маусымының алғашқы жарысына 2 500 адам жиналды. Олардың қатарында 22 елден келген 116 марафоншы бар. Жоба географиясы Орталық Азия елдерін — Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанды қамтыды. Сонымен қатар Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Испания, Польша, Швейцария, Швеция, Норвегия, Украина, Беларусь және Ресей азаматтары да қатысты. АҚШ, Канада, Қытай, Моңғолия, Филиппин және Жаңа Зеландиядан келген қатысушылар жарыстың халықаралық деңгейін айқындай түсті.
Қатысушылардың ең кішісі — 10 жаста, ең үлкені — 75 жаста. Ерекше сәттердің бірі — ең жас спортшы туған күнін дәл жарыс жолында атап өтті.
Алдағы ірі жарыстар да назардан тыс қалмайды. 19 сәуірде өтетін Almaty Half Marathon додасына 10 мыңға жуық адам қатысады деп жоспарланып отыр. Ал 27 қыркүйекте 15 жылдық мерейтойына арналған Almaty Marathon ұйымдастырылады. Бағдарламада 10 шақырым, 10 шақырымдық скандинавиялық серуен, 21,1 және 42,2 шақырым қашықтықтар, сондай-ақ «Экиден» командалық эстафетасы бар.
TAS GROUP ұжымы спорт арқылы салауатты өмір салтын насихаттап, корпоративтік рухты нығайтуды жалғастыра береді.
Бүгінде TAS GROUP жалақыны жыл сайын үздіксіз өсіріп отырған еліміздегі жалғыз компания десек болады.
TAS GROUP қаржы компаниялары тобында жалақының өсуі дағдарысқа берілген жауап емес, бір реттік бастама да емес. Бұл — басшылық 7 жыл қатарынан ұстанып келе жатқан жүйелі шешім.
2019 жылдан бастап компаниядағы барлық қызметкердің жалақысы жыл сайын тоқтаусыз өсіп келеді. Бұл өсім елдегі инфляция деңгейіне тікелей байланысты, яғни қызметкерлер табысының нақты құнын сақтауға бағытталған.
2026 жылдың қаңтарынан бастап TAS GROUP-тың әрбір қызметкерінің жалақысы 12,3%-ға артады — бұл өткен жылдың қорытындысы бойынша тіркелген жылдық инфляция деңгейіне тең.
Қазақстанда жалақыны жыл сайын, үздіксіз және бүкіл команда үшін бірдей арттырып отырған басқа компанияларды біз білмейміз.
TAS GROUP үшін бұл қағида мәселесі. Тұрақты бизнес адамға деген құрметтен басталады.
TAS GROUP компаниясында өсім нақты цифрмен дәлелденеді!
TAS GROUP компаниялар тобы ауқымды спорттық бастаманы қолға алып, 2026 жылы әлемнің алты құрлығында өтетін марафондарға қатысуды жоспарлап отыр. «TAS GROUP — алты құрлықта» атты жоба аясында компания қызметкерлері жаһанның түкпір-түкпіріндегі халықаралық жарыстарда бақ сынайды.
Жобаның алғашқы қадамы Азия құрлығы жасалды. Қаңтардың соңында TAS GROUP-тың екі қызметкері — Дидар Ысқақов пен Рауан Оқас — Дубай марафонына қатысып, белгіленген қашықтықты сәтті бағындырды.
Айта кету керек, соңғы жылдары TAS GROUP-та жүгіруді өмір салтына айналдырған қызметкерлердің қатары артып келеді. Бұған дейін олар Алматы, Астана, Ақтау, Түркістан, Ташкент, Самарқанд және Вашингтон қалаларында өткен марафондарға қатысқан болатын.
Дубай марафонында 10 шақырым қашықтықта жеке рекордын жаңартқан Дидар Ысқақов компания басшылығына ерекше алғыс білдірді.
«Бүгінгі марафонда нәтижемді жақсарту үшін барымды салдым және мақсатыма жеттім. Компания басшылығының қызметкерлерін қолдап, әлемдік деңгейдегі марафондарға қатысуға мүмкіндік беруін біз үлкен қамқорлық деп білеміз», — деді Д. Ысқақов.
Жоспарға сәйкес, алдағы уақытта TAS GROUP қызметкерлері Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка және Австралия құрлықтарында өтетін марафондарға қатыспақ.
TAS GROUP — қарқынды дамып келе жатқан қаржы компаниялар тобы. Бүгінде компания Қазақстанмен қатар Ресей және Өзбекстан нарықтарында да табысты жұмыс істеп келеді. TAS GROUP компаниясы болашақта әлемдік қаржы нарығында бәсекеге қабілетті болып, қызмет аясын одан әрі барлық құрлықта кеңейтуді көздейді.
Ұлттық банк TAS GROUP басшылығын жұмыс кездесуіне шақырды
TAS GROUP қаржы компаниялар тобының басшылығы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде өткен жұмыс кездесуіне қатысты. Кездесу еліміздің қаржы секторын дамытуға қатысты өзекті мәселелерге арналды.
Кездесу барысында тараптар қаржы нарығындағы қазіргі жағдайды, негізгі үрдістерді және оның одан әрі даму бағыттарын талқылады. Сондай-ақ саланың маңызды сын-қатерлері мен болашағы жөнінде пікір алмасты.
TAS GROUP өкілдері қаржы нарығының тұрақтылығы мен дамуына қатысты бірқатар мәселелер бойынша өз ұсыныстарын айтып, көзқарастарымен бөлісті.
Кездесу соңында қатысушылар оның мазмұнды әрі нәтижелі өткенін атап өтіп, реттеуші мен нарық қатысушылары арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын ерекше атап көрсетті.
Halyk Bank TAS GROUP компаниялар тобына кредиттік желі сомасын 8 млрд теңгеге ұлғайтты. Бұл топтың қаржылық тұрақтылығы мен қарқынды дамуына деген жоғары сенімін растайтын шешім.
TAS GROUP пен Halyk Bank арасындағы серіктестік 2020 жылы басталған. Сол жылы банк компанияға кредиттік желі ашып, бүгінгі таңда TAS GROUP 19,5 млрд теңгені сәтті игерді. Тартылған қаражат бизнесті дамытуға, операцияларды кеңейтуге және компанияның нарықтағы позициясын нығайтуға бағытталды.
2025 жылдың желтоқсан айындағы ұзақ әрі нәтижелі келіссөздердің қорытындысы бойынша Halyk Bank кредиттік желі көлемін қосымша 8 млрд теңгеге арттыру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім TAS GROUP-тың тұрақты өсімі, жоғары қаржылық көрсеткіштері және басқарудағы жүйелі тәсілінің арқасында іске асты.
TAS GROUP-тың инвесторлармен жұмыс жөніндегі департаментті қадағалайтын басқарушы серіктесі Руслан Ким еліміздегі ең ірі банктердің бірімен ынтымақтастықтың күшеюі нарық үшін маңызды екенін атап өтті:
«Біз үшін бұл тек кредиттік лимиттің ұлғаюы ғана емес, стратегиялық қаржы серіктесінің сенімінің айқын көрінісі. Бұл — жүйелі жұмыстың, қаржылық саясаттың және TAS GROUP-тың орнықты бизнес-моделінің нәтижесі. Біз Halyk Bank-пен бірлігімізді одан әрі нығайтып, жаңа бағыттарды дамытып, инвесторлар үшін ұзақ мерзімді құндылық қалыптастыруды жалғастырамыз».
Сонымен қатар TAS GROUP-тың облигациялар нарығы арқылы инвестиция тартудағы табысты жұмысын ерекше атап өтуге болады. 2019 жылдан бері топ облигацияларды жеті рет сәтті орналастырды. Қазіргі таңда жалпы көлемі 30 млрд теңгені құрайтын төрт облигациялық шығарылым айналымда.
TAS GROUP облигация ұстаушылары алдындағы барлық міндеттемелерін уақытылы және толық орындап келеді. Осы уақытқа дейін компания инвесторларға 4,5 млрд теңгеден астам таза табыс төледі. Топтың ағымдағы қаржылық көрсеткіштері тұрақты болып, алдағы дамуға қатысты оң болжамдар қалыптасуда.
Halyk Bank-пен серіктестіктің нығаюы мен қаржы нарықғындағы табысты жұмысы TAS GROUP-тың инвестициялар үшін тиімді нысан екенін айқындайды.
15 жылдық тарихы бар TAS GROUP компаниясы тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Өзбекстан мен Ресейде де табысты қызмет етіп келе жатқан халықаралықэкожүйеге айналды. Әр елдегі команда ортақ корпоративтікқұндылықтар мен стратегияны ұстана отырып, компанияның тұрақты өсуіне үлес қосуда.
Дәстүр бойынша жыл сайын өтетін стратегиялық сессияныңосы жолғы ерекшелігі — алғаш рет Қазақстаннан тысжерде ұйымдастырылуы. Ташкент қаласында өткенжиынға Қазақстан, Өзбекстан және Ресей кеңселерінің топ-менеджменті бір алаңда бас қосып, ортақ мақсаттар мен даму бағыттарын талқылады.
Сессияда компанияның алдағы дамуын айқындайтын негізгікезеңдер сарапталды:
— 2025 жылға қойылған міндеттер: орындалғанмақсаттар, іске аспаған бастамалар және олардыңсебептері;
— Үш жылдық бағыт: технологиялық жаңғыру, жаңажобалар, нарықтағы позицияны нығайту;
— Бес жылдық перспектива: халықаралық кеңею, өнімдер мен сервистерді жетілдіру, корпоративтікмәдениетті жаңа деңгейге көтеру.
Әр елдің командасы өз ұсыныстарын ортаға салып, компанияның ұзақмерзімді дамуы үшін амбициялық әрінақты мақсаттар бекітілді.
Сонымен қатар стратегиялық талқылаулар мен жоспарлаужұмыстары туристік-мәдени бағдарлама арқылытолықтырылды. Жұмыс күндері аяқталғаннан кейін қатысушылар Ташкенттің мәдени мұрасымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Делегация бірнеше тарихи әрі танымдық нысандарды аралады. Оның ішінде:
• Төле би кесенесі
• Палау мұражайы,
• тарихи аудандар мен өзге де көрікті орындар.
Бұл экскурсиялар команданың бірлігін арттырып, екі ел арасындағы достық пен кәсіби байланысты нығайтты.
Стратегическая сессия TAS GROUP 2025 жылғы TAS GROUP-тың стратегиялық сессиясы — компанияның жаңа даму кезеңіне серпін берген ерекшеіс-шара. Үш елдің топ-менеджментін бір алаңда біріктіргенжиын биылғы нәтижелерді бағалап қана қоймай, алдағыжылдарға арналған нақты бағыттарды айқындады. Ендігімақсат — осы жоспарларды жүзеге асырып, компанияныжаңа белестерге көтеру.
Компания топ-менеджменті 2026 жылға арналған даму стратегиясын талқылады
Компанияда биылғы жылды, қорытындысы мен 2026 жылға арналған стратегиялық мақсаттарды айқындауға бағытталған топ-менеджменттің жиыны өтті. Кездесуге бас директор, басқарушы серіктестер және коммерциялық департамент директорлары қатысты.
Жиын барысында негізгі қаржылық көрсеткіштердің динамикасы, нарықтағы ағымдағы жағдай, реттеуші талаптардың күшеюі және бизнесті одан әрі ауқымдау мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды. Басымдық формалды жоспарларға емес, барынша нақты әрі экономикалық тұрғыда негізделген мақсаттарды қоюға берілді.
«Бүгінгі өсім — бүкіл команданың жүйелі еңбегінің, дұрыс басқарушылық шешімдердің және клиенттеріміздің сенімінің нәтижесі. Біз алғашқы күннен бастап тұрақты дамуды басты қағида ретінде таңдадық. Алдағы кезеңде де жаңа міндеттер мен сын-қатерлерге дайынбыз», - деп атап өтті компанияның бас директоры Дулат Тастекей.






Компания қызметінің тиімділігін соңғы жылдардағы көрсеткіштер айқын дәлелдейді. 2010 жылы іргетасы қаланған сәттен бастап несие портфелі тұрақты әрі еселеп өсіп келеді:
2010 жыл — 1,7 млн теңге
2012 жыл — 123 млн теңге
2014 жыл — 347 млн теңге
2016 жыл — 1,2 млрд теңге
2018 жыл — 4,8 млрд теңге
2020 жыл — 14,2 млрд теңге
2022 жыл — 34,7 млрд теңге
2023 жыл — 48,9 млрд теңге
2024 жыл — 58,6 млрд теңге
2025 жылдың желтоқсан айы — 85,3 млрд теңге
Осылайша, 15 жыл ішінде компания бірнеше миллион теңгелік көрсеткіштен ондаған миллиард теңгелік деңгейге дейін өсіп, Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан қаржы компанияларының біріне айналды. Жас қаржы ұйымы үшін бұл — нарықтың жоғары сенімін айқындайтын айтарлықтай нәтиже.
2025 жылдың өзінде несие портфелі 45%-ға өсті, бұл күрделі нарық жағдайына қарамастан стратегияның тиімділігін көрсетеді.
Компания басшылығы қол жеткізілген нәтижелерді маңызды кезең ретінде бағалай отырып, бұнымен тоқтап қалмайтынын жеткізді. Жиында 2026 жылға арналған өршіл, бірақ нақты орындалатын мақсаттар айқындалып, несие портфелін ұлғайту, нарықтағы позицияны нығайту және негізгі бизнес бағыттарын дамыту мәселелері белгіленді.
Жиын қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер компанияның тұрақты өсімге, операциялық тиімділікті арттыруға және ұзақмерзімді қаржылық тұрақтылыққа бағытталған жаңартылған даму стратегиясының негізін құрайтын болады.