Жеткізушілермен жұмыс жөніндегі бухгалтер

Әңгімелесу қорытындысы бойынша

Қаржы

Алматы қ.

Кеңседен

«TAS FINANCE GROUP» (ТАС ФИНАНС ГРУПП)» ҚР халқына нарықта 15 жылдан аса уақыт бойы қызмет көрсететін микроқаржылық ұйым.

Компанияның миссиясы: «Инновациялық шешімдердің көмегімен мақсатқа жеткізетін қаржылық мүмкіндіктер ұсыну».

Компания Қазақстан бойынша МҚҰ үздік бестігіне кіреді. Біздің айрықша ерекшелігіміз – жылдамдық, клиенттерге 30 минут ішінде кәсіби және жоғары деңгейде қызмет көрсету.

Қазіргі сәтте біз Алматы қаласындағы кәсіби командамызға қосылуға дайын болатын «Жеткізушілермен жұмыс жөніндегі бухгалтер» лауазымына үміткер іздестіріп жатырмыз.

  • Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша бухгалтерлік есеп жүргізу;
  • Контрагенттерден келіп түсетін бастапқы құжаттарды қабылдау, тексеру және сақтау;
  • Bitrix жүйесінде жеткізушілерге төлемдер мен қаржылық операцияларды бақылау;
  • Дебиторлық және кредиторлық берешекті есепке алу, өзара есеп айырысу және сверка жүргізу;
  • Айналым-сальдолық ведомостарды (ОСВ) дайындау және басшылыққа ұсыну;
  • Жеткізушілерден алынған негізгі құралдар, тауарлар мен материалдардың есебін жүргізу және түгендеу.
  • Бухгалтерия саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • 1С Бухгалтерия 8.3 бағдарламасын білу, бухгалтерлік өткізбелерді жақсы меңгеру;
  • 1С 8.3 жүйесіндегі есептермен (ОСВ, субконто талдауы, шот талдауы) жұмыс істей алу;
  • ИС ЭСФ порталында жұмыс істеу дағдысы;
  • Ұқыптылық, жауапкершілік және деректерді талдау қабілеті.
  • Амбициялы және қарқынды дамып келе жатқан ұйымның құрамында жұмыс істеу мүмкіндігі;
  • ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми еңбек қатынастары;
  • Еңбекақының уақтылы және толықтай ашық төленуі;
  • Еңбекақыны жыл сайын индекстеу (қаңтар айында);
  • Жыл сайынғы сыйақы (желтоқсан айында);
  • Қуанышты және қиын өмірлік жағдайларда материалдық қолдау;
  • Ауру демалысының алғашқы үш күні жұмыс күні ретінде төленеді (жылына бір рет), кейінгі күндері — ҚР Еңбек кодексіне сәйкес;
  • Жұмыс кестесі: 5/2;
    Тұрақты еңбекақы;
  • Компания есебінен ағылшын тілін үйрену;
  • Ішкі және сыртқы кәсіби оқыту мүмкіндіктері;
  • Harvard University онлайн курстарында оқу мүмкіндігі;
  • Қызметкерлердің балаларына 1 қыркүйек, Жаңа жыл және Наурыз мерекелеріне арналған сыйлықтар.

Бос жұмыс орындары бойынша HR бөліміне хабарласыңыз.

Немесе сайтта жұмысқа тапсырыс беріңіз

TAS Group группа компаний предоставляющая полный спектр финансовых услуг

Ұялы телефоннан тегін

Біздің жаңалықтарға жазылыңыз

    Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
    Жароков көшесі, 124, 8 қабат
    Жұмыс күндері: 09:00-19:00
    Сенбі: 10:00-15:00
    Жексенбі демалыс

    «МҚҰ «TAS FINANCE GROUP»(ТАС ФИНАНС ГРУПП) ресми сайты, № 05.21.0006.М лицензиясы. ARRFR 2021 жылдың 26 ​​ақпанында шығарған.

    Все права защищены, 2025 год