бастап 400,000 ₸

Қаржы

Алматы қ., Шымкент қ.

Кеңседен

«TAS FINANCE GROUP» (ТАС ФИНАНС ГРУПП)» ҚР халқына 13 жылдан аса уақыт бойы қызмет көрсететін микроқаржылық ұйым.

Компанияның миссиясы: «Инновациялық шешімдердің көмегімен мақсатқа жеткізетін қаржылық мүмкіндіктер ұсыну».

Компания Қазақстан бойынша МҚҰ үздік бестігіне кіреді. Біздің айрықша ерекшелігіміз – жылдамдық, клиенттерге 30 минут ішінде кәсіби және жоғары деңгейде қызмет көрсету.

Қазіргі сәтте біз Алматы-1, Шымкент қалаларындағы кәсіби командамызға қосылуға дайын болатын «Несие сарапшысы» лауазымына үміткер іздестіріп жатырмыз.


— Кредиттер бойынша клиенттік базаны жүргізу;

— Сатудың жоспарлы көрсеткіштерін орындау;

— Жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы клиенттердің деректерін тексеру;

— Әр түрлі қоғамдық ақпараттық жүйелерден, клиенттер берген деректер бойынша ақпаратты іздеу және тексеру;

— Қарыз алушының кредит құжаттамасын, кредитті өтеу қабілеттілігін талдау және микрокредит беру туралы шешім қабылдау;

— Кіріс қоңырауларды өңдеу;

— Кепіл мүлкінің техникалық жай-күйін тексеру;

— Кепілге салынған мүлікті әділ бағалау;

— Микрокредит беруге байланысты барлық рәсімдерді орындау.

— Қазақ, орыс тілдерін жетік меңгеру; сөйлеу;

— Банк, МҚҰ, КТ саласында жылжымайтын мүлікке кредит беру бойынша жұмыс тәжірибесі құпталады;

— Клиенттерге қызмет көрсету бойынша 6 айдан асатын жұмыс тәжірибесі;

— Кредит беру процестерін білу (микро және шағын бизнесті төлем қабілеттілігіне талдау);

— Арнайы орта/жоғары білім;

— Мамандандырылған бағдарламаларды білу-CRM Битрикс24, MS Office (құпталады);

— Сату технологиялары/қызметтерді жылжыту (ілгерілету)әдістері;

— Келіссөздер жүргізу және сендіру қабілеті;

— Әртүрлі санаттағы адамдармен (мәртебесі, сипаты, жасы, өкілеттіктері) байланыс орнату мүмкіндігі.

— Өршіл және қарқынды дамып келе жатқан компанияда жұмыс істеу;

— ҚР ЕК бойынша ресми жұмысқа орналастыру;

— Еңбекақыны уақтылы және 100% ашық төлеу;

— Компания есебінен қазақ және ағылшын тілдерін оқыту (кенседе)

— Компания есебінен ішкі және сыртқы оқыту

— Harvard University онлайн оқыту

— Жылдық ынталандыру сыйақысы;

— Компанияда ұзақ мерзімді мотивация жүйесі бар
"Опциондық бағдарлама" 5 жылға есептелген. Қойылған көрсеткіштерге қол жеткізген кезде осы бағдарламаға кіретін қызметкерлер бизнестен үлес не ақшалай сыйақы алады;

— 3 ауру күндері жұмыс күндері ретінде төленеді (жылына бір рет);

— Қуанышты және қайғылы оқиғаларға материалдық көмек;

— 31 желтоқсан – компаниядағы қыз-келіншектер үшін демалыс күні;

— Қызметкерлеріміздің балаларына 1 қыркүйекте, Жаңа жылда, Наурызда сыйлықтар беру;

— "Workout" фитнес клубына 15% жеңілдік;

— Tas Group Сup үстел теннисі бойынша қызметкерлер арасындағы турнир;

— Компания есебінен футбол бойынша жаттығу;

— Корпоративтік іс-шаралар;

Бес күндік жұмыс аптасы 09.00-ден 18.00-ге дейін (икемді жұмыс кестесi);

 

Бос жұмыс орындары бойынша HR бөліміне хабарласыңыз.

Немесе сайтта жұмысқа тапсырыс беріңіз

Біздің жаңалықтарға жазылыңыз

    Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
    Жароков көшесі, 124, 8 қабат
    Жұмыс күндері: 09:00-19:00
    Сенбі: 10:00-15:00
    Жексенбі демалыс

    «МҚҰ «TAS FINANCE GROUP»(ТАС ФИНАНС ГРУПП) ресми сайты, № 05.21.0006.М лицензиясы. ARRFR 2021 жылдың 26 ​​ақпанында шығарған.

    Барлық құқықтар қорғалған, 2023 ж