Legal-collection маманы

Әңгімелесу қорытындысы бойынша

Қаржы

Алматы қ.

Кеңседен

«TAS FINANCE GROUP» (ТАС ФИНАНС ГРУПП)» ҚР халқына нарықта 15 жылдан аса уақыт бойы қызмет көрсететін микроқаржылық ұйым.

Компанияның миссиясы: «Инновациялық шешімдердің көмегімен мақсатқа жеткізетін қаржылық мүмкіндіктер ұсыну».

Компания Қазақстан бойынша МҚҰ үздік бестігіне кіреді. Біздің айрықша ерекшелігіміз – жылдамдық, клиенттерге 30 минут ішінде кәсіби және жоғары деңгейде қызмет көрсету.

Қазіргі уақытта біз Алматы қаласында «Legal collection маманы (Сот-құқықтық жұмыс жөніндегі заңгер)» лауазымына біздің кәсіби командамызға қосылуға дайын кандидат іздеудеміз.

— Арбитраж сотының заңды күшіне енген шешімдері бойынша атқару қағаздарын алу мақсатында, Қызметтік хаттар дайындап тапсырыс өткізу;

— Legal collection бөлімінің мамандарына соттық істер бойынша құжаттарды дайындап, көмек көрсету;

— Арбитраж сотыңа Компания атынан борышкерлер бойынша өткізілетін талап арыздарды және қосымша материалдарды дайындап түгендеу;

— Жеке сот орындаушылармен тығыз жұмыс жасау, сот және арбитражды шешімдер негізінде алынған атқару парақтарын жолдап, атқару ісін қозату, оның өндіру процессін қадағалау.

— Жоғары заңгерлік білімі (азаматтық/арбитраждық құқық саласында болғаны жөн);
— Соттық және/немесе претензиялық жұмыс бойынша заңгер ретінде кемінде 1–3 жыл тәжірибесі болуы;
— ҚР Азаматтық, Азаматтық іс жүргізу және Арбитраждық іс жүргізу заңнамасын білу;
— Талап арыздар, пікірлер, өтініштер, шағымдар және басқа да процессуалдық құжаттарды дайындау тәжірибесі;
— Компания мүдделерін соттарда ұсыну және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу тәжірибесі;
— Іскерлік хат алмасуды жүргізу және заңгерлік қорытындылар дайындау дағдылары;
— Жақсы аналитикалық және зерттеу қабілеттері, үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істей алу;
— Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру (ауызша және жазбаша);
— Компьютерді сенімді меңгеру (MS Office, құқықтық деректер базалары);
— Жауапкершіліктің жоғары деңгейі, ұқыптылық, күйзеліске төзімділік;
— Көп тапсырмалы жағдайда жұмыс істей алу және мерзімдерді сақтай білу.

— Өсуге және даму мүмкіндіктері бар амбициялы, қарқынды дамып келе жатқан компанияда жұмыс істеу;
— ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
— Уақытылы және 100% ашық еңбекақы төлеу жүйесі;
— Жалақыны жыл сайын қаңтар айында индексациялау;
— Жылдық сыйақы (желтоқсанда);
— Қуанышты және қайғылы оқиғаларда материалдық көмек көрсету;
— Жылына бір рет алғашқы 3 күндік ауру демалысы жұмыс күні ретінде төленеді, қалған күндер ҚР Еңбек кодексіне сәйкес төленеді;
— Жұмыс кестесі: 5/2;
— Жалақы: Тұрақты жалақы + кварталдық бонустар;
— Ағылшын тілін компания есебінен оқу;
— Компания есебінен ішкі және сыртқы оқыту;
— Harvard University онлайн курстарын оқу мүмкіндігі;
— Қызметкерлердің балаларына 1 қыркүйек, Жаңа жыл және Наурыз мерекелеріне сыйлықтар.

Бос жұмыс орындары бойынша HR бөліміне хабарласыңыз.

Немесе сайтта жұмысқа тапсырыс беріңіз

TAS Group группа компаний предоставляющая полный спектр финансовых услуг

Ұялы телефоннан тегін

Біздің жаңалықтарға жазылыңыз

    Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
    Жароков көшесі, 124, 8 қабат
    Жұмыс күндері: 09:00-19:00
    Сенбі: 10:00-15:00
    Жексенбі демалыс

    «МҚҰ «TAS FINANCE GROUP»(ТАС ФИНАНС ГРУПП) ресми сайты, № 05.21.0006.М лицензиясы. ARRFR 2021 жылдың 26 ​​ақпанында шығарған.

    Все права защищены, 2025 год