Біздің құндылығымыз Команда — бірлік
Компанияның корпоративтік өмірі
Компаниямыздың негізгі міндеттерінің бірі қызметкерлерге жұмыс жасауға жайлы орта қалыптастыру және корпоративтік мәдениетті дәріптеу.
Компанияда әртүрлі науқандар мен сайыстар, дамыту семинарлары мен лекциялар жиі өткізіліп тұрады
Біз ұлттық құндылықтарымыз бен ана тілімізді жоғары дәрежеде құрметтейміз және ұлт жанашыры болуға ұмтыламыз. Сондықтан компаниямызда ресми іс-қағаз тілі — қазақ тілі.
Дресс-код — «smart casual» стиль
(ағыл. «күнделікті сәнді стиль») – күнделікті кеңседе киетін еркін стиль, әдемі, жарасымды үлгі.
Жұма күндері біз брендке айналған «қазақша сөйле» деген жазуы бар футболка киеміз
Шындық айнасы
Науқанның мақсаты – компания қызметкерлерінің басты қасиеттерінің бірі ретінде адалдықты дәріптеу, компания құндылықтары – Адалдық пен сенімді сақтау және ұстану, корпоративтік мәдениетті дамыту.
«Қазақша сөйле»
2020 жылғы 20 мамырдан бастап компанияда қазақ тілінде сөйлесу және құжаттаманы жүргізу ережесі қабылданды.
TASGROUP компаниясының «қазақша сөйле» жазбасымен жасалған футболкалар жұма күнгі киім үлгісінің бір бөлігіне айналды.
TASGROUP компаниялар тобының құндылықтарының бірі — Команда-бірлік.
Сондықтан, қызметкерлердің жыл сайынғы кездесуі корпоративтік дәстүрге, компания құрылған күннен басталған үрдіске айналды десек те болады. Біз, Алматы қаласында өткізілетін, әріптестерімізбен кездесуді асыға күтеміз. Өткен 2022 жылы кездесуге алғаш рет «TASGROUP QURYLTAI» деген атау берілген.
«TASGROUP QURYLTAI» – ды өткізудегі мақсат-әріптестерімізді біріктіріп, әр қызметкер үлкен бір компанияның бір бөлігі екенін және әрқайсысының бір мақсатқа жету үшін өзіндік ықпал ететін рөлі бар екенін көрсетіп, сезіндіру. Сондай-ақ, бір жыл бойы атқарылған жұмысымыздың нәтижесімен бөлісіп, компанияда 5 жыл және одан артық жұмыс істеген қызметкерлерді марапаттап, қызметкерлердің бойына компания үшін мақтаныш пен ауызбіршілік сезімін ұялату.
«TASGROUP QURYLTAI 2022» іс шарасынан бақытты сәттер
"TASGROUP QURYLTAI 2023" мерекелік іс-шарадан естелік
ASSYLTAS қоғамдық қоры
Қорының ұраны — «берген қол, алған қолдан қайырлы!»
Басты миссиясы — инновацияға ден қойып, қазақ тілін қалың бұқара, іскерлік ортаның тіліне айналдыру, қайырымдылық жасау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұлттық мүдде жолында еңбек ету.
Қордың құрылтайшысы — Тастекей Дулат Тұрсынұлы
Қордың жетекшісі — Оқасов Рауан Есенкелдіұлы
Қоғамдық қорының негізгі міндеттері:
- Қазақ тілінің аясын кеңейту
- Өңірді дамыту
- Қазақ өнерін қолдау
- Қазақ спортын дамытуды қолдау
- Қайырымдылық жобаларды іске асыру
- Талантты азаматтарға қолдау көрсету
Жобалар
«Бір асыл іс» жобасы аясында 2022 жылы ASSYLTAS қоғамдық қоры астана қаласының 37 жастағы тұрғыны Ақарыс мырзаға (мүмкіндігі шектеулі жан) автокөлік сыйлады