Backend әзірлеушісі c#

Әңгімелесу
нәтижелері бойынша

Ақпараттық технологиялар

Алматы қ.

Кеңседен / Гибридті

«TAS FINANCE GROUP» (ТАС ФИНАНС ГРУПП)» ҚР халқына нарықта 14 жылдан аса уақыт бойы қызмет көрсететін микроқаржылық ұйым.
 
Компанияның миссиясы: «Адамгершілік пен адалдыққа сүйене отырып халықтың қаржылық қиындықтарын шешу».
 
Компания Қазақстан бойынша МҚҰ үздік бестігіне кіреді. Біздің айрықша ерекшелігіміз – жылдамдық, клиенттерге 30 минут ішінде кәсіби және жоғары деңгейде қызмет көрсету. 
 
Қазіргі сәтте біз Алматы қаласындағы кәсіби командамызға қосылуға дайын болатын «Backend әзірлеушісі» лауазымына үміткер іздестіріп жатырмыз.

— laravel, MS SQL

 

— Компанияның ақпараттық жүйелерінің жаңа функционалын жобалау және әзірлеу;

— Қолданыстағы функционалды пысықтау (оның ішінде рефакторинг, модульдерді оңтайландыру, қателерді түзету, тапсырыс берушілердің талаптарына байланысты модульдерді пысықтау)

— Әзірленген компоненттерге құжаттама жазу;

— Модульдік тестілеуді әзірлеу және өткізу;

— Өнімді дамыту үшін жаңа утилиталар мен құрылымдарды іздеу, қолдану мүмкіндігін талдау және сынау

— Жаңа функционалдылықты талқылау және қызметті жақсарту/оңтайландыру бойынша ұсыныстар бөлігінде бизнес-талдаушылармен бірлесіп жұмыс істеу

— Өршіл және қарқынды дамып келе жатқан компанияда жұмыс істеу;

— ҚР ЕК бойынша ресми жұмысқа орналастыру;

— Еңбекақыны уақтылы және 100% ашық төлеу;

— Компания есебінен қазақ және ағылшын тілдерін оқыту (кенседе)

— Компания есебінен ішкі және сыртқы оқыту

— Harvard University онлайн оқыту

— Жылдық ынталандыру сыйақысы;

— Компанияда ұзақ мерзімді мотивация жүйесі бар
"Опциондық бағдарлама" 5 жылға есептелген. Қойылған көрсеткіштерге қол жеткізген кезде осы бағдарламаға кіретін қызметкерлер бизнестен үлес не ақшалай сыйақы алады;

— 3 ауру күндері жұмыс күндері ретінде төленеді (жылына бір рет);

— Қуанышты және қайғылы оқиғаларға материалдық көмек;

— 31 желтоқсан – компаниядағы қыз-келіншектер үшін демалыс күні;

— Қызметкерлеріміздің балаларына 1 қыркүйекте, Жаңа жылда, Наурызда сыйлықтар беру;

— "Workout" фитнес клубына 50 % жеңілдік;

— Tas Group Сup үстел теннисі бойынша қызметкерлер арасындағы турнир;

— Компания есебінен футбол бойынша жаттығу;

— Корпоративтік іс-шаралар;

Жалақы сұхбаттасу кезінде айтылады

 

Бос жұмыс орындары бойынша HR бөліміне хабарласыңыз.

Немесе сайтта жұмысқа тапсырыс беріңіз

Біздің жаңалықтарға жазылыңыз

    Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
    Жароков көшесі, 124, 8 қабат
    Жұмыс күндері: 09:00-19:00
    Сенбі: 10:00-15:00
    Жексенбі демалыс

    «МҚҰ «TAS FINANCE GROUP»(ТАС ФИНАНС ГРУПП) ресми сайты, № 05.21.0006.М лицензиясы. ARRFR 2021 жылдың 26 ​​ақпанында шығарған.

    Барлық құқықтар қорғалған, 2023 ж