TAS GROUP ұраны: «Адал қызмет – табыс кілті»

Биыл тамыз айында Forbes Kazakhstan журналында орыс тілінде шыққан «Сенімді ақтау жолында» («Оправдывая доверие») атты соңғы сұхбатымыздың жалғасы ретінде біз қазақстандық ірі МҚҰ-ның даму тақырыбын көбірек ашқымыз келеді

2010 жылы кішкентай бөлімшеден басталған TAS GROUP компаниялар тобының негізін қалаушы әрі бас директоры Дулат Тастекей бизнесті кеңейту, клиенттермен қашықтан жұмыс істеу жайлы әңгімелеп берді.

Бұған дейінгі сұхбатыңызда клиенттеріңіздің көп бөлігі шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер екенін және олар шығындарын өтеуге, бизнесін дамытуға сіздерден қарыз алатынын айттыңыз. Мұндай аудиториямен қалай жұмыс істейсіздер? Қызмет сапасын жақсарту үшін тағы не істеп жатырсыздар?

— Клиенттеріміздің 60%-ға жуығы шағын және орта бизнес өкілдері. Оларға арналған өнімді іске қоспас бұрын, зерттеу жүргіздік. Зерттеу қорытындысында қазақстандық кәсіпкерлер үшін қызметтің жылдам көрсетілуі және қарыз алу процесінің жеңіл болуы маңызды екені анықталды. Бұл дамуымызға жасалған басты бағдар болды. Өйткені осыдан кейін біз сапалы кеңес беру, әр клиенттің қажеттілігі бойынша несие бағдарламасын таңдау және әр процестің техологиялық бөлігін дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргіздік.

Клиенттеріміздің мәселесін қашықтан шешу үшін TAS ONLINE мобильді қолданбасын әзірледік әрі осы бағытта тағы үш бөлім жұмыс істейді: онлайн кеңес беретін бөлім, онлайн режимде қарыз алуға көмектесетін және қолданба жасайтын IT бөлім. Онда халықаралық дәрежеде тәжірибесі бар 70 инженер қызмет атқарады. Жоғарыда атап кеткен үш команда да бір-бірімен тығыз қарым-­қатынаста, әрдайым кері байланысты қадағалап, клиенттердің игілігі үшін жұмыс істейді. Олар клиент мобильді қолданбаны гаджетіне жүктеп алғаннан бастап, барлық қадамын көрсететін жол картасына дейін туындаған сұрақтарына жауап табуға, кез келген мәселесін шешуге көмектеседі. Айтпақшы, біз келер жылдың басында клиенттің жұмысын жеңілдететін, әрі қаржы нарығының қазіргі тенденцияларына лайық, айтулы жаңарту жасамақшымыз.

Клиент 7788 нөмірін бір рет теру арқылы қажет қаражатын қысқа уақыт ішінде, ыңғайлы жолмен ала алатын болады. Біздің қызметімізге жүгінетін адамдардың көбі — бұрыннан келе жатқан клиенттеріміз. Олардың біз туралы жағымды пікірде екенін кері байланыстан-ақ білуге болады. Мұны бизнес моделіміздің сәтті іске асқаны деп білеміз.

Қазақстандағы 240‑тан астам микроқаржы ұйымның ішінде TAS GROUP алғашқы ондыққа кіреді. Компания биыл Fitch Ratings рейтингіне енді. Бұл рейтингтегі көрсеткіш сіздің компанияңызға сенім артуға негіз бола ма? TAS GROUP рейтингке қалай енді?

— Fitch Ratings — Moody’s және Standard & Poors-пен бірге «үлкен үштікке» енетін рейтингі жоғары агенттік. Fitch рейтингтері дегеніміз — эмитенттердің (яғни, бағалы қағаздарды шығарушылардың) қаржы мүмкіндіктерін бағалайтын сарапшы пікірі. Инвесторлар салған ақшасынан қанша табыс табатынын болжау үшін Fitch сарапшылары жасаған рейтингке сүйенеді. 1 маусымда бізге эмитенттің ұзақ мерзімді дефолт рейтингінде шетел және ұлттық валютадағы «В» деңгейі берілді. Рейтинг бойынша болжам «тұрақты» дегенді білдіреді. Сонымен бірге Fitch ұзақ мерзімді рейтингінде ұлттық шкаласы бойынша «BB(kaz)»/болжам «тұрақты» деген және ұзақ мерзімді приоритет қамтамасыз етілмеген рейтингте «B»/«RR4» деген баға алдық.

Бұл жерде Қазақстандағы кей екінші деңгейлі банктердің өзі мұндай рейтингке ие бола алмағанын айта кеткен жөн. Көп жылдан бергі еңбегіміз бекер кеткен жоқ. Осылайша көп сөзден гөрі осы еңбегіміздің әділ бағасын беретін одан да жоғары рейтингтерден көрінуге дайынбыз.

Сіздер Өзбекстан мен Ресей нарығында да жұмыс істейсіздер, бизнесті тағы қай елдерде кеңейтуді жоспарлап отырсыз? Болашақта халықтық IPO-ға шығу компания жоспарында бар ма?

– 1 қазанда несие портфеліміз 47,5 миллиард теңгеге жетті. Жыл аяғына дейін оны 66 миллиард теңгеге дейін (таза табыс — 8 миллиард теңге) ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Қазақстандағы, Өзбек-стандағы және Ресейдегі филиалдарымызды кеңейтіп, Африка мен оңтүстік-­шығыс Азия елдерінде несиелеудің жаңа бағытын ашу жоспарымыз бар. Біз қаржы нарығын жүргізу мен дамытудың икемді моделінің табыстылығына сенеміз және 2026 жылы IPO-ға шығуды жоспарлап отырмыз. Осы мақсаттарға жету үшін біз барлық процестерді автоматтандыруды бірнеше жыл бұрын-ақ бастадық. Сонымен қатар, жалпы корпоративтік басқаруда да біраз өзгерістер орын алған болатын.

2019 жылдан бастап Астана халықаралық биржасына (AIX) құнды қағаздарыңызды шығарып отырсыз. Қазір қор нарығындағы нәтижеңіз қандай? Кейінгі рет қанша құнды қағаз шығардыңыздар?

— AIX алаңында 2019 жылы 4 миллиард сомаға 1 миллион теңгеден 4000 облигация шығарылды. 2021 жылы компания 500 мың теңгеден 20 мың облигация шығарды. Компания 10 миллиард теңгеге құнды қағаз сатуға шешім қабылдады. Бірінші шығарылымның қорытындысы бойынша 700 миллион теңгеден астам, ал екінші шығарылым бойынша — 2 миллиард теңгеден астам (30.09.2023 жағдай бойынша) қаржы төленді.

Біздің облигациялар кез келген сомадағы инвестицияға табыс әкеледі. Инвесторлар қанша табысты қандай мерзімде алатынын біледі. Депозиттермен салыстырсақ, бізде төлемдер бойынша пайыздық мөлшерлеме едәуір жоғары, әрі тәуекел деңгейі төмен, себебі 2010 жылы ашылғалы бері біз бірде-бір төлемді кешіктірген жоқпыз.

Компанияның статистикасына сәйкес, облигацияға қаржы құйған инвесторлардың 44%-ы — жеке тұлғалар. Облигацияға инвестиция салу — акция сатып алғанға қарағанда, ақшаны көбейтудің қарапайым құралы. Адамдар арасында бағалы қағаздарға инвестиция салуға байланысты жаңсақ түсінік бар. Мұны жою үшін жақында TAS GROUP INVEST телеграм-­арнасын аштық. Онда біз инвестиция тақырыбын кеңінен қозғап, қарапайым сөздермен түсіндіреміз. Бұл арнадан инвестиция салар кезде не нәрсеге назар аудару қажет деген сияқты маңызды, әрі қарапайым сұрақтарға жауап ала аласыз. Сонымен бірге TAS GROUP-тың соңғы жаңалықтарын да сол жақтан оқи аласыз.

Дереккөз

Tas Life

Обновленный сайт

«Познать Абая»

Самый быстрый

Подарки первоклашкам

Subscribe to our newsletter

    Subscribe to our news

      Republic of Kazakhstan Almaty city,
      124 Zharokova Street, 8th floor
      Weekdays: 09:00–19:00
      Saturday: 10:00–15:00
      Sunday is a day off

      © 2022, Microfinance Organization TAS FINANCE GROUP LLP (TAS FINANCE GROUP), official website, License No. 05.21.0006.M. Issued by the ARRFR on February 26, 2021.

      All rights reserved, 2023