TAS GROUP қызметкерлерінің алты құрлықты бағындыруға бағытталған спорттық жобасы Аустралияда жалғасты. Бұл жолы компания өкілдері Сидней қаласында өткен әйгілі City2Surf жаппай жүгіру жарысына қатысты.
Жарысқа TAS GROUP қызметкерлері Рауан Оқас, Шоқан Алхабаев және Еңлік Шәрімбай қатысты. City2Surf — әлемдегі ең ірі жаппай жүгіру шараларының бірі. Биыл Сидней көшелеріне шамамен 90 мың адам, шықты. Жарыс осымен 56-шы рет, ұйымдастырылды.
Қатысушылар 14 шақырым қашықтықты еңсерді. Жарыс Сиднейдің орталығындағы Hyde Park маңынан басталып, әлемге әйгілі Bondi Beach жағажайында мәресіне жетті.
Жарыстың ерекшелігі — оған кәсіби спортшылармен қатар әуесқой жүгірушілер, жаяу жүргіншілер мен әртүрлі жастағы қатысушылар да қатысады. Яғни City2Surf — тек жарыс емес, Сидней тұрғындары мен қонақтарын біріктіретін үлкен спорттық мереке.
Сонымен қатар шараның қайырымдылық бағыты да бар. 2008 жылдан бері City2Surf қатысушылары түрлі қайырымдылық ұйымдарына 63 миллионнан астам австралиялық доллар жинаған.
TAS GROUP командасы үшін Сиднейдегі жарыс — жай ғана 14 шақырымдық қашықтық емес. Бұл «TAS GROUP – алты құрлықта» жобасы аясында Аустралия құрлығын бағындырған кезекті қадам.
Компания қызметкерлері бұған дейін Азия, Еуропада және Солтүстік Америкадағы жарыстарға да қатысты. Алда — Африка мен Оңтүстік Америка құрлықтары.



