Жоғары деңгейдегі халықаралық мастер-класс

DSC02931
DSC02970
DSC02969
DSC02955
DSC02942
DSC02933

TAS GROUP компаниялар тобында IT және жасанды интеллект саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуымен мастер-класс өтті. Арнайы шақыртумен KNOXED технологиялық компаниясының негізін қалаушы, британдық кәсіпкер Салаш Мотиани практикалық шеберлік сабағын өткізді.

Салаш Мотиани — үндістандық кәсіпкер әрі технология саласының маманы. Ол электронды коммерция, IT-технологиялар және жасанды интеллект бағыттарында жұмыс істейтін халықаралық KNOXED компаниясының негізін қалаған. Компания корпоративтік жүйелерді дамытуға және бизнес процестерге заманауи технологияларды енгізуге басымдық береді.

Салаш Мотиани мен TAS GROUP негізін қалаушы Дулат Тастекей былтыр Стэнфорд университетінде бірге білім алған. Сол кездегі кәсіби байланыс жаңа кездесуге ұласып, бұл жолы Салаш Мотиани Қазақстанға арнайы шақыртумен келді. Ол KNOXED компаниясының екі жетекші IT маманымен бірге келіп, TAS GROUP қызметкерлерімен төрт күн бойы бірлесіп жұмыс істеді.

Төрт күндік тәжірибе

Оқыту дүйсенбіден бейсенбіге дейін созылды. Бұл жай ғана теориялық дәріс емес, нақты жұмыс процестеріне негізделген практикалық шеберлік сабағы болды.

Халықаралық сарапшылар TAS GROUP мамандарымен бірге компаниядағы бизнес және IT процестерін талдап, оларды жетілдіру жолдарын қарастырды. Негізгі мақсат — жасанды интеллект мүмкіндіктерін компания жұмысына енгізіп, процестерді одан әрі жылдамдату, өнімділікті арттыру және жұмыс жүйесін жетілдіру.

«Негізгі мақсат — жасанды интеллектіні компанияның ішкі процестеріне енгізу арқылы өнімділікті арттыру. Алғашқы күні әріптестер компания ішіндегі қандай процестерді жақсартуға болатынын талдады. Әрқайсысына өз жұмысындағы 50 мәселені анықтап, сол мәселелерді шешуге арналған нақты ұсыныстар әзірлеу тапсырылды», — дейді TAS GROUP-тың Bitrix бағыты бойынша жетекші IT маманы Асхат Жәкенов.

Осылайша, оқыту жасанды интеллект туралы жалпы түсінік берумен шектелмей, нақты жұмыс міндеттеріне арналды. Қай процесті жеделдетуге болады? Қандай жұмысты автоматтандыруға мүмкіндік бар? AI құралдарын күнделікті қызметке қалай тиімді енгізуге болады? Мамандар осы сұрақтарға практикалық тұрғыда жауап іздеді.

Жасанды интеллект — нақты жұмыста

Шеберлік сабағының негізгі бағыттарының бірі заманауи AI құралдарын іс жүзінде қолдану болды.

KNOXED мамандары TAS GROUP IT командасына Claude және Claude Code секілді құралдардың мүмкіндіктерін көрсетіп, оларды бағдарламалық жасақтама әзірлеу барысында тиімді пайдаланудың жаңа тәсілдерімен таныстырды.

«Біз көп нәрсе үйрендік. Ең бастысы — бұл құралдарды әзірлеу процесінде қалай жүйелі пайдалануға болатынын түсіндік. Бізге Claude-та skills-пен жұмыс істеуді, Claude Code құралын қолдануды көрсетті. Бұл біз үшін өте жақсы тәжірибе болды», — дейді Асхат Жәкенов.

Осылайша, TAS GROUP мамандары жасанды интеллект мүмкіндіктерін теория жүзінде ғана емес, нақты техникалық міндеттерді шешу барысында сынап көрді.

TAS GROUP жүйесін жетілдіру

Оқыту барысында компанияның қолданыстағы IT инфрақұрылымына да ерекше назар аударылды.

Екінші күннен бастап жұмысқа қосылған Асхат Жәкенов халықаралық мамандарға TAS GROUP-та қолданылатын Bitrix жүйесінің ерекшеліктерін таныстырды.

Техникалық талқылау барысында қолданыстағы инфрақұрылымға заманауи AI шешімдерін енгізудің мүмкіндіктері қарастырылды. Мамандар жүйені жергілікті ортада орналастырып, оның жекелеген модульдерін біртіндеп іске қосып, техникалық мүмкіндіктерін сынақтан өткізді.

«Жүйені жергілікті ортаға орналастырып, модульдерді біртіндеп қоса бастадық. Әрине, техникалық шектеулер мен қиындықтар болды. Бірақ Салаш бізбен бірге жұмыс істеп, біз де өз тарапымыздан көмектестік. Нәтижесінде өте пайдалы тәжірибе жинадық», — дейді Асхат Жәкенов.

Кейбір шешімдер әлі де қосымша әзірлеуді қажет ететіндіктен, оларды әзірше өндірістік ортаға енгізу ерте. Дегенмен бұл жұмыс TAS GROUP командасына заманауи AI шешімдерінің құрылымын тереңірек түсініп, оларды болашақта қалай тиімді пайдалануға болатынын анықтауға мүмкіндік берді.

Халықаралық тәжірибе

Төрт күн бойы барлық жұмыс пен пікір алмасу ағылшын тілінде өтті.

Бұл TAS GROUP мамандары үшін жаңа технологияларды меңгерумен қатар, халықаралық деңгейдегі сарапшылармен тікелей жұмыс істеудің де үлкен тәжірибесі болды.

«Салаш өз саласын өте жақсы меңгерген маман. Бізге көп пайдалы білім берді. Халықаралық деңгейдегі мамандармен бірге жұмыс істеу біз үшін өте жақсы тәжірибе болды», — дейді Асхат Жәкенов.

Үздіксіз даму — TAS GROUP мәдениетінің бір бөлігі

TAS GROUP-та мұндай оқыту бір реттік шара емес. Компания қызметкерлердің кәсіби дамуына тұрақты түрде инвестиция салып келеді.

Компанияда түрлі бағыттар бойынша тренингтер, шеберлік сабақтары, сарапшылармен кездесулер және практикалық оқыту бағдарламалары тұрақты өткізіледі.

Бұл жұмыс тек IT саласымен шектелмейді. TAS GROUP барлық деңгейдегі және барлық бағыттағы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға басымдық береді.

Tas Life

Жоғары деңгейдегі халықаралық мастер-класс

Қадамың оң болсын, балақай!

Алты құрлық: Аустралия

Алты құрлық: АҚШ

Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз

    Компанияның басқа жаңалықтары

    TAS Group қаржылық қызметтердің толық спектрін ұсынатын компаниялар тобы

    Ұялы телефоннан тегін

    Біздің жаңалықтарға жазылыңыз

      Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
      Әл-Фараби көшесі, 124/1
      Жұмыс күндері: 09:00-19:00
      Сенбі: 10:00-15:00
      Жексенбі демалыс

      «МҚҰ «TAS FINANCE GROUP»(ТАС ФИНАНС ГРУПП) ресми сайты, № 05.21.0006.М лицензиясы. ARRFR 2021 жылдың 26 ​​ақпанында шығарған.