TAS Group компаниялар тобына 14 жыл толды.
Біздің қаржы нарығындағы тарихимыз 2010 жылы TASCREDIT брендімен басталды. Ал қазір TAS Group қарқынды дамып келе жатқан, 8 компаниядан түратын компаниялар тобының бірлестігі.
— Біз “Автокөлік және жылжымайтын мүлік кепілімен микрокредиттеу" нарығында көшбасшымыз;
— Еліміздің нөмір бірінші FIN TECH ұйымы;
— 2023 жылғы маусымда TAS GROUP Fitch Ratings агенттігінен «Тұрақты» болжамымен «В» деңгейінде кредиттік рейтинг алды.
Стратегиялық масштабтау мақсатында 14 жылдың ішінде біз Қазақстан, Ресей және Өзбекстан бойынша 50 филиал мен бөлімше аштық. Мақсатымыз айқын, асуларды бағындырып келеміз. Әлемдік нарықта өз орнымызда айқындау жолында тынбай еңбек ету жолындамыз. 500-ден астам кәсіби мамандар командасын жасақтап, кездескен қиындықтарды бірге өткеріп келеміз.
TASCREDIT.ONLINE мобильді қосымша, скоринг модельдері, кепілдікті бағалау, ERP жүйесі, инвестициялық модуль және т.б. ішкі әзірлеу жүргізілді. 200 000-нан астам клиентке микрокредит берілді. Клиенттердің 70% таныстардың ұсыныстары бойынша біздің қызметтерімізге жолығады.
Аталған жетістіктер бізді қаржы мәселесі бойынша тек ел ішінде ғана емес, әлемдік нарықта сенімді серіктес ретінде сипаттайды.
Мерекеңмен, TAS Group!