TAS Group - қаржылық ІТ саласында «революция» жасап жатқан FinTech-компания

Соңғы 10 жылда Қазақстан IT саласында үлкен қадам жасады. Қазіргі таңда отандық FinTech нарығы ТМД елдері арасында ең динамикалық нарықтардың бірі болып табылады. Бұрын қазақстандық компаниялар тек төлем қызметтерін цифрландырумен айналысқан болса, қазір IT саласында қаржылық шешімдердің ауқымы айтарлықтай кеңейген. Мамандардың пайымдауынша, 2035 жылға қарай Қазақстандағы барлық транзакциялардың 90%-ы онлайн-сервистер арқылы жүзеге асатын болады, ал заңды және жеке тұлғаларға берілетін кредиттердің 30%-ы онлайн түрде ұсынылады.
FinTech секторы қазір экономикада маңызды драйверге айналып жатыр, сондықтан мемлекет IT индустрияны дамытуға үлкен көңіл бөлуде. Осы тарапта микроқаржылық ұйымдар екінші деңгейлі банктерге қарағанда ауқымы кіші болғанымен, нарықтағы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, жаңа технологиялар мен ыңғайлы өнімдер ұсынуға ұмтылады. Еліміздің FinTech қызметтерінің дамуы туралы айтқанда, ең банктердің мобильді қосымшалары ойға келеді. Осыған орай, микроқаржылық ұйымды IT-стартап ретінде қарастырып, TAS Group компаниясының даму жолына назар аударайық.
TAS Group-та IT бағытының дамуы компанияның құрылуынан бастау алды. Қазіргі уақытта бұл мекеме жаңа сервистермен интеграцияланып, ішкі жобалар әзірлеумен айналысатын үлкен топқа айналды. Компанияда екі негізгі бөлім бар – «Ақпараттық технологиялар департаменті» және «Жобалар мен процестерді дамыту департаменті».
Бұл екі бөлім де компанияның бір үлкен миссиясы аясында жұмыс істейді – «Инновациялық шешімдердің көмегімен мақсатқа жеткізетін қаржылық мүмкіндіктер ұсыну». Осы бағытта 60-тан астам инженер мен арнайы біліктілігі бар әзірлеушілер жұмыс істейді. Олардың міндеттері — жалпы автоматтандыру, процестерді цифрландыру, қаржы саласындағы жаңа инновациялық жүйелер мен шешімдер әзірлеу.
«Бүгінде үлкен IT-команданың арқасында бизнес-процестеріміздің 80%-ы автоматтандырылған. Сондай-ақ көптеген ішкі әзірлемелер мен модификациялар бар. Олар бізге күрделі шешімдер қабылдауға, жұмысымызды жеңілдетуге және жаңа құралдарды енгізу үшін шығармашылық атмосфера қалыптастыруға көмектеседі», - дейді Ақпараттық технологиялар департаментінің басшысы Еркебұлан Күрішбаев.
Аталған департаментте бэкэнд-әзірлеушілер, деректер базасын әзірлеушілер, фронтэнд-әзірлеушілер, мобильді қосымша жасаушылар, бизнес-аналитиктер, продактер, проджектер және дизайнерлер жұмыс істейді. Барлық процестердің жұмысын scrum-мастерлер қадағалайды. Спринттер екі апта сайын өткізіледі. Сондай-ақ, қызметкерлердің жұмысын кез келген бөлімшелерде жылдам үйлестіруге көмектесетін техникалық қолдау мамандары бар.
Бұған қоса, компанияның менеджменті бизнес-жоспарлау үшін PowerBI арқылы есеп беру жүйесін қолданады. Бұл жүйе барлық ақпараттық жүйелерден мәліметтер жинап, қажетті ақпаратты тез жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл компанияға жедел әрі тиімді шешімдер қабылдауға көмек береді.
Жаңа жобаларды іске қосу бизнестің сұранысы бойынша жүргізіледі. Мысалы, клиенттерге посткредиттік қызмет көрсету үшін пайдаланылатын «Жеке кабинет» жобасы. Ол арқылы қарыз шарттарын көруге, анықтамалар алуға, қашықтықтан төлем жасауға, сондай-ақ қарызды толық немесе ішінара өтеуге болады.
Екінші бағыт — TASLAB, ол арқылы компания мемлекеттік қызметтермен интеграцияланып, қарызды мақұлдауды жеңілдету үшін барлық деректерге жылдам әрі оңай қол жеткізеді. Бұл сервис қосылмас бұрын TAS Group компаниясы министрліктен аккредитация алып, ақпаратты клиенттің келісімімен пайдалану үшін Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі Оперативтік орталықтың мақұлдауын алды.
Үшінші үлкен бағыт — ішкі және сыртқы есепберуді толықтай автоматтандыру. Компания әзірлеген бағдарлама провизияны автоматты түрде есептейд. Басқа микроқаржылық ұйымдар мұндай мәселелерге бас қатырғысы келмейді, өйткені ішкі процестері өте күрделі.
Төртінші бағыт — клиенттер мен менеджерлер үшін әзірленген TASCREDIT ONLINE мобильді қосымшасы. Бұл жоба 2018 жылы іске қосылды, ал осы жылдың басында жаңа TASCREDIT ONLINE 2.0 нұсқасы шықты.
HR брендін дамыту бағытында компания қызметкерлердің тәртібін бақылау процесін автоматтандырды. Арнайы HR-боттың көмегімен қызметкерлер жұмысқа кешіккенін, үйден жұмыс істеп жатқанын, демалыста жүргенін көруге болады. Қызметкерлерді мотивациялау бойынша шешімдер қабылдауда HR-боттың деректері шешуші рөл атқарады.
«Бұдан бөлек біз FinCore, Power BI, Bitrix сияқты сервисдерді интеграциялау, техникалық қолдау көрсету және автоматтандыру бойынша жұмыс істейміз. Сондай-ақ мобильді қосымшалар әзірлеудеміз, олар бизнестің процестерін автоматтандырып, әріптестеріміздің жұмысын жеңілдетуге көмектеседі. Барлық осы сервисдер FinCore деп аталатын біздің арнайы әзірлеген есеп жүйемізбен тығыз байланысты. Ол компанияның өсуіне үлкен септігін тигізеді және өнімдер мен негізгі бизнес-процестерге арналған кең мүмкіндіктер ұсынады. Біз ұзақ жылдар бойы көптеген қиындықтарды жеңіп, барлық процестерімізді жаңартып, жетілдіріп келеміз. Бұл TAS Group компанисының Қазақстандағы және әлемдегі ең технологиялық әрі инновациялық FinTech-компанияға айналуының негізгі бағыты», - деп қорытындылады Еркебұлан Күрішбаев.