Қазақстандықтар VIP нөмірлерге шамамен 6 миллиард теңге жұмсаған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық көлік иелері әдемі VIP-нөмірлерді жиі сатып ала бастаған екен.

Автокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірін (АМТН) алу барысында, тізімнен өзіңізге ұнайтын кез келген нөмірді таңдай аласыз. Бұл мүмкіндік стандартты бағадағы кәдімгі авто нөмірді таңдағанда да беріледі.

Алайда, қалталы жүргізушілер мен жолда ерекшеленгісі келетіндер үшін қарапайым нөмірлердің құнынан әлдеқайда жоғары ақыға «әдемі» немесе «VIP» нөмірді сатып алу мүмкіндігіңіз бар.

Естеріңізге сала кетейік, қарапайым көлік нөмірі үшін төлем 2,8 АЕК (2022 жылға 8 576,4 теңге) құрайды. Әріптер мен цифрлардың тіркесіміне қарай VIP нөмірлердің құны 174 591 теңгеден 872 955 теңгеге дейінгі диапазонда.

Өткен 2021 жылы қазақстандықтар жалпы сомасы 5,8 млрд теңгеге VIP немесе «жоғары сұраныс» нөмірлерін сатып алған екен.

VIP-нөмірлерге ең аз сұраныс Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген – соңғы бір жылда мұнда жалпы құны 45 миллион теңгеге 169 VIP-нөмір ғана сатып алынған.

Мемлекеттік корпорацияның хабарлауынша, 2020 жылы қазақстандықтар арасында VIP нөмірлер өткен жылмен салыстырғанда аз сұранысқа ие болған – сол жылы жалпы сомасы 3,9 млрд теңгеге 12 616 «әдемі» нөмір сатып алынған. Казахстанцами было потрачено порядка 6 миллиардов тенге на VIP-номера

Tas Life

Почему у микрозаймов в Казахстане большие проценты

TAS Group компаниясы “Долларлық миллионер” бағдарламасын неліктен қабылдады

TAS GROUP 14 ЖЫЛ!

Гарвард бизнес мектебі

Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз

    Біздің жаңалықтарға жазылыңыз

      Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
      Жароков көшесі, 124, 8 қабат
      Жұмыс күндері: 09:00-19:00
      Сенбі: 10:00-15:00
      Жексенбі демалыс

      «МҚҰ «TAS FINANCE GROUP»(ТАС ФИНАНС ГРУПП) ресми сайты, № 05.21.0006.М лицензиясы. ARRFR 2021 жылдың 26 ​​ақпанында шығарған.

      Барлық құқықтар қорғалған, 2023 ж