«TAS GROUP алты құрлықта» корпоративтік жобасы өз жалғасын табуда. 2026 жылдың 26 сәуірінде компания қызметкерлері Еуропа құрлығындағы кезекті марафонға қатысып, Литваның Каунас қаласында өткен халықаралық жарыста сәтті өнер көрсетті.
Жарысқа қатысқан Рауан Оқас, Айгүл Топшақова және Дидар Қоқан 10 шақырымдық қашықтықты еңсеріп, жобаның тағы бір маңызды кезеңін аяқтады.
Еске сала кетейік, бұған дейін TAS GROUP қызметкерлері Азия құрлығын бағындырып, Дубай қаласында өткен марафонға қатысқан болатын. Енді жоба аясында Еуропа құрлығы да сәтті жабылды.
«TAS GROUP алты құрлықта» жобасының басты мақсаты – қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, командалық рухты нығайту және жаңа мақсаттарға бірге ұмтылу.
Жыл соңына дейін компанияның тағы бір топ қызметкерлері Африка, Аустралия, Солтүстік Америка және Оңтүстік Америка құрлықтарында өтетін марафондарға қатысады.
Қатысушыларымызды кезекті жетістіктерімен құттықтаймыз!
Алға, TAS GROUP! 🏃♀️🏃♂️🏃



