TAS GROUP-та мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған қызметкерлердің балаларына дәстүрлі сыйлықтар табысталды. Компания жыл сайын бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндерге жаңа оқу жылына қажетті құрал-саймандары бар мектеп сөмкелерін сыйлайды.
Биыл TAS GROUP компаниялар тобы бойынша 42 қызметкердің баласы алғаш рет мектепке барады. Олардың барлығына жаңа оқу жылына қажетті мектеп сөмкелері мен кеңсе тауарлары дайындалды. Өткен жылы мұндай сыйлықтар 30 бірінші сынып оқушысына табысталған болатын.
Арнайы кездесуде балаларға мектеп сөмкелері салтанатты түрде табысталды. Әрбір сөмке жаңа оқу жылына қажетті құралдармен толық жабдықталған. Оның ішінде дәптерлер, қаламдар, қарындаштар, альбомдар және басқа да кеңсе тауарлары бар.
Бұл бастама TAS GROUP-та 2011 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Алғашқы қоңырау» бағдарламасының бір бөлігі. Бағдарлама компанияның басты құндылықтарының бірі — «Беріктік — Қамқорлық» қағидатын айқындайды.
TAS GROUP үшін қызметкерлерге қамқорлық тек жұмыс орнымен шектелмейді. Компания олардың отбасыларының өміріндегі маңызды сәттерге де ерекше көңіл бөледі. Баланың мектепке алғаш баруы — әр отбасы үшін жауапты әрі қуанышты кезең. Осындай сәтте көрсетілген қолдау бүлдіршіндер мен олардың ата-аналары үшін ерекше мәнге ие.
TAS GROUP бұл игі дәстүрді алдағы уақытта да жалғастыра береді. Ал мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған барлық бүлдіршіндерге сәттілік, жарқын жетістіктер мен қызықты оқу жылы тілейміз!



